220
Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген
болатын.
III. Наурыздың қазақтың дәстүр-салтын есіне түсіретін этнографиялық тойына айналып
кеткені де рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру
ырымын жасайды, біреулер баланың түсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың
басы, бірнеше мың жылдық тарихы бар қасиетті мейрам есебінде тойланбай келеді.
Менің
ойымша, Наурыз біздің үлттық жаңғыруымыздың, үлттық құндылықтарымызға деген
көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші.
IV. Егер қазақтың байырғы дэстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызыкты деректер
бар екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда балық біледі» дейді шежіреші.
Наурызнама той қылатын жүрттың патшалары тірі балыкты көп қылып ұстатыті алып, бір
керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп элеумет сол балықтарға көздерін
тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады.
Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жагынан екінші жағына қарай аунап түседі.
Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықгы, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа
жыл тойы!» - деп, сегіз күн үдайымен қол астына қараған жүртқа той, тамаша береді. Қазақтың
«Наурыздың
келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» деген
сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан тағына иелік
жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп отырғызатын
қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бүл тасқа Тәуекел отырған, Наурыз туғанда хандар
мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды босатады, қүлдар
азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді.
V. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі қүжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем-
жәлем киініп, аса таяқгарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған. Нағыз карнавал
деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес
кеб киіп шығады. «Кеб» қазіргі бет перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын
жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян сүлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге
алыңыз. «Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп
«Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! Наурыз келгенде он екі жылға ие
болған жануардың біреуі
таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында
шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып он екі жылға ие болған жануарлардың кеб-
маскасын киген адамдардың бәрін сол шығырға отырғызады. Эрине, той мереке өзінен өзі
басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды
қыздырып жатады.
VI. Наурызда арнайы наурызнама жасап қүрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-бірінің ауылына
барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген кұрмет шексіз болады. Дәулеті
жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады.
Әйтеуір наурызнама жасап келген адам қүр қол кайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп
мата береді.
VII. Қазақ - қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп жатады. Даланың
бала сияқты
аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге бола той-мереке жасайды.
Осының бэрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары той мерекемен естен
шығады, қыстың шығыны, қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек.
13. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты
қолданылған сөз
A) құжыра
B) балық
C) тоғыз
D) кеб
E) керсен
14. Мәтіннің бірінші бөлігіндегі Наурызға байланысты ұғым
A) Самарқанның көк тасы жібіген күн
D) Жаңа жыл тойы
B) Наурызнама тойы
E) Ұлыстың ұлы күні
C) Халықаралық наурыз күні
15. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз
A) Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз?
B) Қазақ халқының Наурыз мерекесінде
бозбала бойжеткенге не
сыйлаған?
C) Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз?
D) Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері
тойланып келеді?
E) Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған?
16. М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған?
221
A) 5
B) 10
C) 40
D) 8
E) 3
17. Мәтін бойынша «Самарқанның көктасы жібіді» сөзінің мағынасы
A) Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру.
B) Жаңа жылдық басталуы.
C) Күн жылынып, қар еру.
D) Мұз жібіп, балық аулау.
E) Жүрек жібіп, мейірімділік таныту.
18. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі
A) Ұлттық мереке
D) Салт-дәстүрлік мереке
B) Халықаралық мереке
E) Діни мереке
C) Мемлекеттік мереке
19. Бас БҰҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау
A) Орта Азия
C) Қара теңіз
E) Таяу Шығыс
B) Батыс Еуропа
D) Балқан түбегі
20. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз
A) Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған?
B) «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай?
C) Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген?
D) Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған?
E) ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне қашан енгізді?
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Достарыңызбен бөлісу: