I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет264/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

3- 
мәтін 

Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы


«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-
дәстүрлері бар.
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға
міндетті түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың
барлығын «Бақыт кұсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы
сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа
жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына
шығарып тастайды екен.
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны
ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде
жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана
қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса
айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап



226

кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар
көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып,
көркемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су
шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға
болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын
көрінеді.
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар
атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс
гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы
мен ақпан айының басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да
Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы кұттықтағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі
бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде
болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде
мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі.
7. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Қытайдан
C) Үндістаннан
E) Ресейден
B) Голландиядан
D) Ұлыбританиядан
8. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A) Қытай B) Үндістан C) Ресей D) Голландия E) Қазақсан
9. Жаңа жыл дастарқанына кұс етін қоймайтын ел
A) Венгрия B) Эквадор C) Франция D) Болгария E) Италия
10. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі
A) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан
B) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
C) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
D) Салынған суреттерге үн, топырақ сепкендіктен
Е) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
11. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырьш қана қоймай,
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі
A) Қолы ашық екенін көрсету үшін
B) Адалдығын көрсету үшін
C) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
E) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A) Гвинея - Эквадор
C) Венгрия - Эквадор
E) Үндістан - Куба
B) Қытай - Ұлыбритания D) Голландия - Куба



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет