I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет327/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

4- 
мәтін 

Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта комақты әмиян тауып алды. Жан-жағына қараса,


ешкім көрінбейді. «Әмиян тауып алдым, кімдікі?» деп айкайлап үш рет айтқандай болды.
Дегенмен өз даусын баскалар түгілі өзі де естімеді.
Былайырақ шығып алып әмиянды ашып қараса, ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар
сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып,
бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы,
ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та
жемегені есіне түсті. Әмиянды қалтасына сала бергені сол еді, кенет бұрыштан ботадай
боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді.
- Айналайын адамдар-ау, кайырымды жандар, балаларымның анасы айықпас дертке
шалдығып, соны емдету үшін ағайындарым мен жаны жайсаң адамдар ауыздарынан жырып
берген қаржымды әмиянымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті
операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе, балаларымның
күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше, маған тезірек өлім жібере қойшы, тәңірім, - деп
жылайды.
Әмиян тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Акыры ұяты жеңіп, ботадай боздаған
кісінің жанына калай жетіп барғанын, әмиянды ақшасымен косып қалай бергенін өзі де
байкамай қалды.
Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келтенде, әмиян тауып алған жігіт сасып
қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып, әмиян тапқан жігітті қапсыра құшақтай
алып:
- Бауырым, саған үлкен рақмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді
адал жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, өткен ғасырларда ада
болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он
жылқы береміз. Ал таба алмасаң, бар байлығыңды бізге бересің» - деп коймаған соң,
серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы каладағы театрдың актері.
Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал
адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен коса саған бердім.
Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылкысын да саған бердім, -
деді.
Қызық көрмекші болып келген тобырдың еңселері түсіп кетіпті. Өздерінің арасынан әмиян
тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сиякты.
- Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі
де тазалықтың бар екенін дәлелдеген АДАМ деген атыңнан айналайын, әмиян тауып алған
жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толкып түрып.

13. Мәтін бойынша өмірде жақсылықтың бар екеніне сенімін жоғалтпаған кейіпкер кім?


A) Олжалы болған пенде C) Киімі жұпыны жігіт
Е) Театр актері
B) Уәделескен жан
D) Жиналған қауым



304



14. Мәтіннің қорытынды бөліміндегі жігіт сөзінің түйіні.
A) Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да, жамандық шықпас.
B) Көңіл - қазы, көз - таразы.
C) Байлыққа қол жеткізу - әркімнің арманы.
D) Адам болмысы - ізгілік пен адалдық.
E) Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
15. Жақсылық пен жамандықты айыру үшін тобырдың осындай әрекетке баруына не түрткі
болды деп ойлайсың?
A) Адами құндылықтардың жұтаңдауы.
B) Ақша мен байлықтың басты құндылық болуы.
C) Байлыққа қол жеткізуге ұмтылуы
D) Өмірде пиғылы, ары таза адамдардың көп болуы.
E) Байлықтың адамды бақытқа жеткізуі
16. Қызық көрмек болған тобырдың еңсесінің түсуіне не себеп болды?
A) Серттескен адамның жеңілуі.
D) Әмиянын жоғалтқан адамның сөзі.
B) Әмиянның қайтарылуы
E) Әмиянның жоғалуы.
C) Серттескен адамның күлкіге қалуы.
17. Топтың арасынан шыққан жігіт қандай?
A) Атаққұмар
C) Мақтаншақ
E) Ниеті қара
B) Жүрегінің түгі бар
D) Ақ жүрек
18. Жігіттің әмиянды қайтарып беруіне не себеп болды?
A) Өзінің кедейлігі есіне түсті. D) Өзін ұры санайды деп қорықты.
B) Ар-ұяты жеңіп шықты
E) Одан да көп ақша аламын деп ойлады.
C) Жиналған топтан сескенді.
19. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз.
1. Еңіреген жігіт
2. Көңілі түскен топ
3. Оңай олжа
4. Сенімін жогалтпаған жан
A) 3.4.1.2.
C) 2.4.1.3.
Е) 1.3.4.2.
B) 3.4.2.1.
D) 3.1.2.4.
20. Оңай олжаға кенелген жігіт пен уәделескен жігітті не байланыстырады?
A) Отбасылық жағдайлары
C) Жүрек адалдығы
E) Кедейліктері
B) Кеңпейілдіктері
D) Әлеуметтік жағдайлары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет