179
ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады- Кеудесінде
жаны бар казақ
қанша қалжыраған халге түссе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным - арымның
садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасалса да, ол сол адамның намысына тимеуі
керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі - асар. Жалғыз басты қарт
адамдардың біттпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолғабыс беріп, тез
тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және
әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында
шаруасын тындырып алады.
2.
Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын
аударған, жұрт колдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-
құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не
науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын-
жұрты мұны костайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттандыратындай
дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің кажетіне керекттіні толық әзірлейді,
3.
Асар - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайының разы ету үшін
қандай қиындық болса да көптің біріккен күшімен
қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.
Достарыңызбен бөлісу: