1. Екінші азатжолдың бірінші азатжолға қатысы қандай? A. Ойды сипаттайды
B. Ойды салыстырады
C. Ойды қорытындылайды
D. Ойды суреттейді
E. Ойды дамытады
2. Мәтінге сәйкес мақал-мәтел A. Халық каласа, хан тағынан түседі.
B. Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер
көгерер.
C. БІрлік болмай, тірлік болмас.
D. Көп - корқытады, терең - баттырады.
E. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны
ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс.
Қысымен жер астында жатқан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-
бармақтай бұртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырақ
астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай
жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі
пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап, «Ә, оянып
қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа
мыңдаған түп ағаштардың әрбіреуінің кай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен
жылы неше бұтағы кесілгенІн, қанша жеміс бергенін, биыл кайсысына күтім кажеттігін жатқа
білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның
артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуІп жүретін.