I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Мәтін қандай стильде жазылған?



Pdf көрінісі
бет347/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

11. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A.  Публицистикалық 
B.  Ресми ісқағаз 
C.  Көркем әдебиет 
D.  Ауызекі сөйлеу 
E.  Ғылыми 
12.1  бөлімде  автор  алдымен  кімнен 
сезіктенді? 
A.  Отбасы мүшелерінен 
B.  Құрақтан 
C.  Өзінен 
D.  Жиенінен 
E.  Қызметтесінен 
 
1.  Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген 
малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мұйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2.  Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырак 
болып мақтанып, Күн оны қызғаньт Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын 
осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе 
кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, 
ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің 
өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3.  «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында 
елеулі оқиға болып келді. Жана туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой 
келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ 
арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан 
жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы. халыққа жайсыз болатаны» 
дейдІ. 
4.  Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын 
жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да 
қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске 
алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сез тегін 
шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен 
бата қылмайтын Ай екен, депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан 


190 
 
 
келгенде мынадай қортынды шығарамыз. Жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа 
райы өзгереді дегені бос сөз емес, 
5.  Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай 
«шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары 
тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала 
жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының 
орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл кызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы 
жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты. 
6.  Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай 
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
7.  Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. 
Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі 
де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен 
ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? 
Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан кұралымен Ай бетінен тауларды 
көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
8 Өмір бақи меңіреу жатқан кең дұниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы 
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет 
болып табылмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет