1050-нұсқа 1-мәтін ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев
«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен тамсантқан
Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе
жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын
Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.
Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Қашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары –
Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре в Париже» атты
орыс тіліндегі жаңа еңбегінің таныстырылымы Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық
кітапханасында өтті. Аталмыш шара «ЭКСПО-2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына
арналды.
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы театр
сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық
драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын.
1. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара
A) Қалың көрерменге жететін кинотуынды
B) «Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы
C) Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым
D) Ұлттық академиялық кітапхананың ашылуы
E) Әміре туралы фильмнің түсірілуі
2. Тірек сөз бола алмайтын нұсқа
A) ЭКСПО-2017
C) ЭКСПО-1925
E) Париж
B) Астана
D) Алматы