I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет389/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

3- 
мәтін 
 
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы 
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт- 
дәстүрлері бар. 
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға 
міндетті түрде самса қойылады екен. 
Венгрияда  дастарқанға  үйрек  пен  тауық  еті  қойылмайды.  Себебі  венгерлер  құстардың 
барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы 
сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа 
жылдың  алғашқы  түнінде  үйлерінен  сынған  ыдыстарын,  ескірген  жиһаздарын  аулаларына 
шығарып тастайды екен. 
Оңтүстік  Америкадағы  Эквадор  елінің  халқы  Жаңа  жылда  сабаннан  жасалған  қарақшыны 
ескінің  символы  ретінде  далада  отқа  өртеп  жібереді,  Францияда  адамдар  Жаңа  жыл  кешінде 
жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана 
қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен. 
Үндістанда  Жаңа  жыл  -  Дивали  «жарық  пен  оттар  мерекесі»  деп  аталады  екен.  Айтса 
айтқандай,  осы  күні  қалалар  мен  ауылдардың  барлығы  оттың  ішінде  тұрғандай  жарқырап 
кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар 
көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып, 


212 
 
 
көркемдейтін көрінеді. 
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл 
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді. 
Бирмада  Жаңа  жылда  күн  ыстық  болып  тұратындықтан,  адамдар  бір-  бірінің  үстеріне  су 
шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға 
болады. 
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын 
көрінеді. 
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен. 
Қытайда  Жаңа  жыл  мерекесін  көшеде  барабандар,  темір  тарелкалар  соғылып,  отшашулар 
атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс 
гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы 
мен ақпан айының басына келеді. 
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да 
Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы құттықтағанды ұнатады. 
Қазақстанда  жыл  басы  -  Наурыз  мерекесі  наурыз  айында  тойланады.  Бұл  қазіргі  күн  есебі 
бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде 
болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде 
мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі. 
7. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел 
A) Эквадор        B) Венгрия         C) Италия 
D) Франция E) Болгария 
8.  Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі 
A) Ырымдарға сенгендіктен 
D) Ұстамдылығын байқату үшін 
B) Қолы ашық екенін көрсету үшін 
E) Адалдығын көрсету үшін 
C) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін 
9. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер 
A) Гвинея – Эквадор 
C) Венгрия – Эквадор E) Голландия – Куба 
B) Қытай – Ұлыбритания D) Үндістан – Куба 
10. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет 
A) Ресей        B) Қытай         C) Голландия 
D) Үндістан E) Қазақсан 
11. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі 
A) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен 
B) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан 
C) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандыктан 
D) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан 
E) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан 
12. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген? 
A) Ұлыбританиядан 
C) Үндістаннан 
E) Қытайдан 
B) Голландиядан 
D) Ресейден 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет