I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


-мәтін  Ғылым артық па, әлде мал артық па?



Pdf көрінісі
бет434/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

2-мәтін 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он 
түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: 
- Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
Сол мезетте шешен: 
- Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен 
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, 
ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды  жұмсасаң, арта береді, 
малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген 
атақ  береді.  Алтыншыдан,  ғылым  өзін-өзі  сақтайды,  ал  малды  үнемі  бағып,  қағу  керек. 
Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап 
бергізеді.  Сегізіншіден,  ғылым  тозбайды,  жоғалмайды.  Ал  мал  болса,  қолдың  кірі,  өледі, 
жоғалады.  Тоғызыншы,  ғылым  көңілді  нұрландырады,  адамға  ақыл-ой  қосады,  ал  мал 
масаттандырады,  болған  үстіне  бола  берсе  екен  деп  дүниеқоңыз  етеді.  Оныншыдан,  ғылым 
құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп 
тапқырлық танытыпты. 
3.  Ғылымның дүниеден артықшылығы 
A)  Мінезін нашар жаққа өзгертеді.   B)  Адамды масаттандырады. 


263 
 
 
C) Досың санаулы ғана болады. D) Адамның тьшышын алады. 
E) Адамға ақыл-ой қосады. 
4.  Мәтін мазмұнына сай мақал 
A)   Атаңа не қылсаң. 
Алдыңа сол келер 
B)   Киім кірі жуса кетеді
Көңіл кірі айтса кетеді. 
C)    Мың малың болғанша, 
Бір балаң ғалым болсын. 
D)   Аңқау бөрі қой үркітеді 
Ақылсыз адам ел үркітеді 
E)    Мал көтерер өлімді, 
Дос көтерер көңілді 
5.  Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
A)  Үшінші 
B)  Төртінші 
C)  Бесінші 
D)  Жетінші 
E)  Алтыншы 
6.  Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл 
A)    Жырлап айту    B) 
Суреттеп айту C) Жобалап айту 
D)    Баяндап айту    E) 
Салыстыра айту 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет