I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет540/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   542
З-мәтін 
 
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің 
есімі  Халил,  кішісі  Ибраһим.  Халил  үйленген,  бала-шағалы,  ал  Ибраһим  әлі  бойдақ  екен. 
Екеуінің  ортақ  егіс  алқабы  бар  еді.  Бірлесе  егіншілікпен  айналысып,  шыққан  өнімді  екіге 
бөлісіп күнелтеді. 
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орып, өнімді екіге бөледі. Кейін екеуі өз 
үлестерін  үйлеріне  тасуға  кіріседі.  Үлкен  бауыры  Халил:  «Ибраһим,  сен  осында  күте  тұр,  мен 
қаптарды алып келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - деп астық басында қалады. Халил 
қаптарды  алып  келуге  кеткенде  інісі  ойланады:  «Ағам  үйленген,  бала-шағасы  бар.  Маған 
қарағанда  оған  бидай  көбірек  керек»,  -  деп,  өзінің  үлесіндегі  бидайдың  бірнеше  күрегін 
ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды 
алдымен сен баста», - дейді. Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол 
кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ. Оған 
әлі көп жұмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан біраз 
күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы 
да  оның  үлесіне  қосып қояды.  Ағасы  да  өз  кезегінде  бірнеше  күрек  інісінің  бидайына  тастап 
отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары 
болмайды.  Соңында  кеш  батып,  күн  қараяды.  Ал  бидайдың  таусылатын  түрі  жоқ,  тіпті 
азаймайды да. 


341 
 
 
7. Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет 
A) Сыншылдық 
C) Болжай білгіштік 
E) Үнемшілдік 
B) Сақтық 
D) Жанашырлық 
8. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A) Кәсіппен айналысуға шакыру 
D) Достықты үлгі ету 
B) Қайырымдылықты дәріптеу 
E) Адал еңбек етуге шақыру 
C) Көркем мінезді үлгі ету 
9. Ағайындылар қандай жұмыспен айналысады? 
A) Диірмен тартады 
C) Ұн шығарады 
E) Бидай сатады 
B) Диқаншылықпен айналысады D) Бау-бақша салады 
10. Ибраһим неліктен бидайды ағасының қабына салды? 
A) Ағасының бай болғанын қалағандықтан 
B) Ағасы өзінен үлкен болғандыктан 
C) Ағасы отбасын асырай алмағандықтан 
D) Ағасы өтініш жасағандықтан 
E) Ағасына көмектескісі келгендіктен 
11. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды, 
D) Ағасы бардың жағасы бар
Жер - қазына саусаң да таусылмайды. 
  Інісі бардың тынысы бар 
B) Еңбегің қатты болса, 
E) Жақсы жұмыс - жанға тыныс. 
Татқаның тәтті болар. 
C) Көп ақымактың ағасы болғанша
Көп ақылдының інісі бол. 
12. Халил әрекеті арқылы автор нені айтқысы келді? 
A) Еңбекқор болуды 
C) Адал болуды 
E) Жайдары болуды 
B) Қанағатшыл болуды 
D) Жомарт болуды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет