I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет541/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   542
4-мәтін 
 
1.  Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген 
малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2. Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ 
болып  мақтанып,  Күн  оны  қызғанып  Айдың  бетін  тырнап,  оған  дақ  түсірген.  Кесірлі  Ай 
жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын 
немесе  кемігенін  ел  Ай  «қорғалады»  дейді.  Күнге  жақындап  барғанда  Ай  «қорғалып»  бетін 
жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. 
Ай түрінің өзгеру кұбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3. «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу кұбылысы қазақ ортасында 
елеулі  оқиға  болып  келді.  Жаңа  туған  Айды  көргенде  шаруа  адамның  көңіліне  әр  түрлі  ой 
келеді,  шаруаға  жайлы  бола  ма,  жоқ  жайсыз  бола  ма  деген  ойлар  тумай  қоймайды.  Қазақ 
арасында  егер  Ай  тігінен  туса,  ауа  райы  шаруаға  жайлы,  жылы  болады.  Ал,  Ай  шалқасынан 
жатса,  ай  суық,  жайсыз  болып  өтеді.  Мұны  «Айдың  өзіне  жайлы,  халыққа  жайсыз  болғаны» 
дейді. 
4.  Қазақ  тұрмысында  Айды  қастерлеуге  себеп  көп  болды:  Ай  болмаса,  түн  қараңғысын 
жамылып  қасқыр  да,  ұры  да  малға  шабуылды  күшейтеді,  шаруа  жайымен  ұзақ  түн  қату  да 
қиын тиеді. Аталарымыздың ай караңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске 
алсақ,  неліктен  айды  қастерлегендігін  жақсы  түсінеміз.  «Қараңғылар»  деген  сөз  тегін 
шықпаған.  Елдегі  үлкен  ақсақалға  Айға  бата  қыл  дегенде:  -  Ай  шажасынан  туыпты,  бұл  мен 
бата  қылмайтын  Ай  екен,  -  депті.  Жұрттың  бұл  сенімдерін  саралай  келіп,  ғылыми  тұрғыдан 
келгенде  мынадай  қорытынды  шығарамыз.  Жаңа  туған  Айдын  қалпына  карай  жұрттың  ауа 
райы өзгереді дегені бос сөз емес. 


342 
 
 
5. 
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан жатады», 
өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, 
сондыктан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарык береді де, бізге Ай шалқалап жатқан 
сияқты  көрінеді.  Сөйтіп,  жаңа  Ай  орағының  орналасу  қалпы  мен  ауа  райының  арасындағы  бұл  қызық 
іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
 
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай бетіндегі 
қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
7.  Адам  баласынын  ұзақ  жасаған  тарихында  оның  көп  іздеген  аспан  шырағы  Ай  болатын-ды.  Ес 
білмейтін  сәби  де  керім  Айға  қол  созып  аймалайды.  Малшы,  керуенші,  аңшы,  қарақшы  бәрі  де  Айды 
бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға карады. Кәне, ойланайыкшы. «Мен ұрлык қылғанда 
ай  жарык  болды»;  «Ай  қарап  тұрсың  ба?»  дегендей  сөздер  де  бар  емес  пе?  Осыдан  350  жылдай  бұрын 
Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға 
ынта ерекше күшейді. 
8. Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет 
Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ. 
13. Айдың тууына байланысты халық әрекеті. 
A) Болашағын болжаған 
D) Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
B) Ауа райын болжаған 
E) Құстардың қайтуын болжаған 
C) Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған 
14. Ай бетіндегі дақтар 
A) Төбешіктері 
C) Тегістеу жерлері 
E) Күнгей жерлері 
B) Ойпаттау жерлері 
D) Қыраттары 
15. Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі 
A) Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
B) Күн жылы болады деген сенім 
C) Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
D) Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
E) Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 
16. Тұжырымдардың дұрысын табыңыз: 
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді. 
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді. 
A) Екіншісі 
C) Үшіншісі 
E) Екінші мен үшіншісі 
B) Бірінші мен үшіншісі 
D) Үшеуі де 
17. Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азат жолымен сәйкестендіріңіз 
A) Тұлпар мен серке 
C) Бура мен кұмырсқа E) Жылқы мен құлын 
B) Қой мен ешкі 
D) Өгіз бен бұзау 
18. Аңыз бойынша Ай өзінің кандай мінезінің кесірінен жапа шегеді? 
A) Қызғаншақтығынан C) Қарапайымдылығынан E) Көреалмаушылығынан 
B) Мақтаншақтығынан D) Ұялшақтығынан 
19.  «Ай тұяқты тұлпарым, Аймүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің кайсысына 
қатысты айтылған? 
A) Жылқы мен ешкіге 
C) Қозы мен ешкіге 
E) Жылқы мен сиырға 
B) Түйе мен қойға 
D) Жылқы мен қойға 
20.  Елдегі үлкен аксакалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата 
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры 
A) Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы 
B) Айға батаны жас адамдар ғана береді 
C) Айға бата беру - надандық 
D) Ырым, наным-сенімге байланысты 
E) Толған айға қатысты беріледі 


343 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет