I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет316/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

11. 
Кіші қыз неге бақытты еді? 
A.  Әкесі қатты еркелетеді 
B.  Ақылдылығына сенімді 
C.  Өзіне жасалған игі істерді ойлайды, 
D.  Патша бетінен қақпайды 
E.  Өзінің коркіне көзі тояды 
12. 
Мәтіннің стилі қандай? 
A.  Публицистикалық стиль 
B.  Ресми іс-кағаздар стилі 
C.  Көркем әдебиет стилі 
D.  Ауызекі сөйлеу стилі 
E.  Ғылыми  стиль 
 
1. 
Тау  іші.  Иен  жайлау,  ұшқан  құс,  жүгірген  аңнан  өзге  тіршілік  белгісі  білінбейді.  Жаз 
жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар 
сарғайып,  өсімдік  атаулы  күзгі  ызғырық  желге  елбеңдей  бас  ұрып,  тәубеге  келген  сопыдай 
күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар 
басып тік ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар 
жаздағыдай шу салып, асып-таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды
2. 
Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, 
бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. 
3. 
Кеш  батысымен  йен  жұртқа  аш  қасқырлар  келіп,  емін-еркін  тіміскелейді.  Көш  жолдарына, 
айдалған  мал  ізіне  түсіп,  тұмсықтарын  көтеріп,  ұзақ-ұзақ  қарап  тұрады.  Сүйек  қажалап,  тері- 
терсек,  жүн-жұрқаны  жұлмалайды.  Бұтаның  арасында  қалып  қойған  тоқты-торымды  іздеп 
сандалады. Жердегі жемтіктес досына қарайлап, көкте құзғын айналады... 
4. 
Жаздың  шіліңгір  ыстығында  басынан  бұлт  кетпейтін  Етікші  шыңы  бұл  күнде  бозғылт 
мұнарға  оранған.  Бұл  -  Тарбағатай  сілемдерінің  бір-бірімен  ұшарласа  келіп,  қүрт  көтерілген 
тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
5. 
Арғы  бетке  өтетін  жолаушы  қиын  да  болса,  көбінше,  осы  шыңның  желкесімен  асатын. 
Өйткені, өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен тентек өзендерге соқпай өтетін ең төте жол 
осы. Биік жалдың басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың 
күнгейі мен теріскейі табаныңның астында жатады. 
6. 
Жолға шыққанына тертінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының 
бір оқшау биігіне көтерілді. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. 
Кеудесі  сырылдап,  өкпесі  аузына  тығылып,  әлсін-әлі  тоқтап  дем  алады.  Бірақ  алдында 
көлденең  сұлап  жатып  алған  қырсық  асудың  төбесіне  бір  шықсам-ау  деген  арманы 
қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады. 
7. 
.Күн  тас  төбеге  көтеріліп,  ес  кетіп,  жан  шыққанда  асудың  ұшар  басына  да   жетті-ау.    
Қыр  жалдың  үстіне  шыға  келгенде,  гуілдеп  соққан  қара  боран  жолаушыны  ұшырып  әкете 
жаздады.  Таяғына  сүйеніп,    төрт    тағандап    әзер    қалды.    Күні    бойы    жеткізбей,    діңкесін 
құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір 
осы  арада  біраз  аялдағысы  келді.  Аппақ  шоқша  сақалы  желге  желпілдеп,  сығырайған  кәрі 
көзімен айналаны шолып, қарт жалдын басында бірталай тұрып қалды. 
8. 
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, 
тұла  бойын  суық  қармап  сірестіре  бастады.  Ол  шырқау  биіктен  жан-жағына  соңғы  рет  көз 
тастады да, ілгері жүріп кетті. 
9. 
Бір  тәуірі,  ендігі  беталысы  төмен,  еңіс  екен.  Ылдиға  қарай  құлдырап,  тез  төмендеді.  Көк 
жалап,  жылтырланып  алған  сірі  шоқайы  киіздей  ұйысып  жатып  қалған  бетегеден  тайғанап, 
тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады. 
10. 
Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн 
жылынайын  деді.  Титығы  құрып,  әбден  қалжыраған  қарттың  бұдан  әрі  жүруге  халі  келмей, 
тәлтіректеп  барды  да,  шоқ  қайыңның  түбіне  қисая  кетті.  Арқасындағы  қоржынын  басына 
жастап,  бір  сәт  сұлық  жатты.  «Әйтеуір,  қиын  асудан  өттім  ғой,  -  деді  талмаусырап  жатып,  - 
жолдың көбі кетіп, азы қалды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет