188
1.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке - отбасы мүшелерінің тірегі,
асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің
мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі -ұя баланың көз алдындағы үлгі-өнеге
алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе
атасы жақсы кІсі еді, онегелі жерден шыққан ғой»,-деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап
ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Ата - балаға сыншы»
деген мақалдар осыны растайды.
2.
Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне
бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-
құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай үлттық
тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын
ойлайтыны анық.
3.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішіңде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені
баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай
сіңіп кетуін,
жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
4.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде
отбасылық құндылықтарды, ұлттық
тәлім-тәрбиені
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: