I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?



Pdf көрінісі
бет344/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

5. 
Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? 
1. 
Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді. 
2. 
Қазақта өрескел мінсіз-кұлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 
3.Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы. 
A.  Екінші 
B.  Үшеуі де 
C. Тек үшіншісі 
D.  Бірінші мен үшіншісі 
E. Бірінші 
6.Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады? 
A.  БІрінші 
B.  Төртінші 
C. Екінші 
D.  Үшінші 
E. Бірінші және екінші 
 
1.Аяқ  астынан  есіктің  алдында  жатқан,  талай  жылдан  бері  керегіме  жарап  жүрген  балтам 
жоғалды.  Ары  іздедім,  бері  іздедім  -  жоқ.  Қора-  қопсының  ішін  аударып-төңкеріп,  астан- 
ксстеңін  шығара  қарадым.  Жоқ.  «Өз-езіңе  мығым  бол,  көршіңді  ұры  тұтпа»  деген  нақылды 
ұлық тұтқан қазақеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. 
Досхан  деген  қызметтес  дизайнер  жігіт  қайным  болып  келеді.  Ол  жұмысқа  осы  балта 
жоғалатын  күні  алғаш  рет  «шайтан  арбамен»  келген  болатын.  Әрі  ол  үйінде  қызу  құрлыс 
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай. 
II.Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын. 
Аға,  өткен  жолы  тойға  шақыру  таратып  жүріп  көлігіммен  үйіңізге  соқсам,  есіктеріңіз 
құлыптаулы.  Ары  отырып,  бері  отырып,  сіздер  келе  қоймаған  соң,  көршілеріңізге  қалдырып 
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді. 
-Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сурасып жатырмыз. 
-Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа кажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын осы 
жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді. 
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен 
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді. 
II.Балта  табылғанша  қанша  адамды  ұры  етерімді  кІм  білсін.  Сенбі  күні  кешкілік  үйді 
жинастырып  жүрген  қызым:  -  Көке,  іздеп  жүрген  балтаңыз  мынау  ма?  -  деп  құж  желке 
балтамды  аяқ  киім  қоятын  сөренің  астынан  шығарын  тұр.  «Сен  алдың!»  демесем  де,  ішкі 
ойыммен ұры түтқан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, 
Құрақка да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған 


189 
 
 
«қылмыскердің»  белгісін  таба  алмадым.  Балта  табылған  соң,  әлгі  күдік-күмәндар  күл  болып 
ұшып  кеткендей.  Досханың  баяғы  сол  жымия  күліп  жүргені,  Құрақтың  сол  еқбекқорлығы, 
жиенімнің жібектей ұяндығы, басқа ештеңе жоқ. 
IV.Өзгені  өзгеге  танытуға,  ғайбаттауға,  нақақтан  жала  жабуға,  қара  күйе  жаға  салуға 
құмарақпыз,  ал  енді  өзге  түгілі  өзімізді  өзіміз  осы  күнге  дейін  танымай  келгенімізге 
қайранмын,  Үш  күн  тығылып  жатып,  өзімді  өзіме  танытқан  «алтын  сапты»  балтама  қарай 
бердім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет