I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет381/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

4- 
мәтін 
Баяғы  заманнан  қазақтың  қонысы  болған  құтты  мекеннің  айшықты  орындарының  бірі  - 
Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасаң, мөлдір судың түбіндегі 
тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, 
судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері  — он төрт метр. 
Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына жеке әңгіме. 
Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге сенсек, 
бұл  көлдің  бұрынғы  атауы  Шойынкөл  екен.  Бірақ  кейін  келе  Жасыбай  атанған.  Негізінен,  Ер 
Жасыбай  -  қан  жұтқан  калмақтармен  қиян-кескі  соғыста  ерлігімен  көзге  түсіп,  елдің 
мақтанышына  айналған  қаһарман  батыр.  Ал  оның  есімі  қалайша  көлге  берілгені  туралы 
тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан 
Баянауыл  жерін  басып  алуды  көздеп,  шабуыл  жасаған.  Сол  кезде  қазақтың  ханы  Абылай 
Сабындыкөлдің  шығыс  жағынан  жауға  тойтарыс  беру  үшін  жедел  түрде  Олжабай 
Толыбайұлын  басшы  етіп  әскер  үйымдастырған  екен.  Сол  әскер  жасақтарының  бірін  көзсіз 
батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болған. Мүның 


206 
 
 
өзінде  де  үлкен  мән  жатыр.  Егер  де  әскердің  алдыңғы  шебі  мықты  болса,  онда  жауды  жеңу 
оңайырақ  болады.  Яғни  тиген  жерінен  ұрандатқан  жауды  тесіп  өтер  өткір  де  қайсар 
қаһарманның  керегі  анық.  Міне,  осындай  жауапты  тапсырманы  Жасыбайға  жүктеген. 
Шойынкөлдің  оңтүстік-батыс  бөлігінде  Жасыбай  баспи-ан  жасақ  жоңғарларға  қарсы  тұрып, 
жеңістің  жалауын  желбіреткен.  Табанды  ер  бастаған  ұлдардың  тоқпағына  төзе  алмаған 
калмақтар  жеңіліс  тауып,  қазақтың  қылышынан  аман  қалғандары  тентіреп,  тым-тырақай 
қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен 
демалып  жатқанда,  қалмақтың  аман  қалған  қаскүнемдерінің  бірі садақпен  оқ  атып,  батырды 
жаралап өлтірген. 
Бұл  әрине,  сол  уақытта  қазақ  әскері  үшін  орны  толмас  қаза  еді.  Қайғылы  хабарды  естіген 
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың 
соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан 
бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып 
тастаған  керінеді.  Және  сол  жер  бүгінгі  күнге дейін  «Қалмаққырылған»  деп  аталады.  Жалпы 
мұндай  шабуыл  екі  ғасырға  созылған  қазақ-қалмақ  соғысында  күшті  тойтарыстардың  бірі 
болды.  Ал  жергілікті  халық  болса,  Шойынкөлді  батырдың  атымен  атап  кеткен.  Яғни  бүгінгі 
күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет