I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет391/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

1054-нұсқа 
1-мәтін 
 
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі 
әсерлі  де  әсем  дауыстары  жез  қоңыраудай  шіңгір-шіңгір  кісінеген  жас  құлындар  қарақұлақ 
бола  бастағанда,  оларға  түбіт  араласқан  жұмсақ  жүннен  есіліп  жасалған  ноқталар  салынып, 
тиектер  орнатылып,  ұзақ  тартылған  желілерге  үзбелі  күміс  түймелердей  қаз-қағар  тізіліп 
байланады.  Мұнда  жүздеген  құлын  ноқталанып,  бие  сауылады.  Биені  сауушы,  сауғызушы 
болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады. 
II. Қазақ  ауылы  алғаш  бие  байлаған  кезде,  төңірек  басын  шақырып,  кейде  мал  сойып  немесе 
қыстан  қалған  сүрлермен  тағы  басқа  да  жылы-жұмсақтарын  дайындап,  ауыл  адамдарының 
басын  қосып,  «бие  бау»,  «желі  байлар»,  «қымызмұрындық»  тойын  өткізеді.  Бүл  кезде  желі 
қазыққа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, 
бие сауынын бастайды. 
1. Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып 
A) Тартылған желілер 
D) Бие байлау 
B) Ноқталанған құлындар 
E) Жүннен есілген ноқталар 
C) Жас құлындар 
2. Бие байларда қандай ырым жасалады? 
A) Қыстан қалған сүрді пісіреді. 
B) Желіге құлын байланады. 
C) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді. 
D) Жұмсақ жүннен ноқта жасалады. 
E) Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет