I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет395/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

1057-нұсқа 
1-мәтін 
 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз  үйдің  құрылысы  мен  жасалу  жолдарына,  этнографиялық  ерекшеліктеріне  жеке 
тоқталайық.  Киіз  үйдің  қазақы  және  қалмақы  деп  аталатын  екі  түрі  бар.  Қазақы  үйлер 
дөңгелек,  толық  күмбезді  болады  да,  қалмақы  түрінің  төбесі  шошақтау  келеді.  Қазақ  үйлері 
пайдалануына,  сән-салтанатына  қарай  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Мысалы:  қара  үй  (3  қанат), 
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ 
шаңқан  (18  қанат),  алтын  үздік  (24  қанат),  алтын  орда  (30  қанат)  деп  аталатын  түрлері  бар.  
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген 
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп 
аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас 
келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық- 
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім 
ілінеді. 
 
1. Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ орда 
C) Ақ ала орда 
E) Ақ шаңқан 
B) Алтын үздік 
D) Алтын орда 
2. Киіз үйдегі киелі орын 
A) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын 
B) От жағылып, қазан асылатын орын 
C) Қонақтар орналасатын орын 
D) Ер тұрман, киім ілінетін орын 
E) Үй иесінің жататын орны 


218 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет