Бір кездері аттарын ғана анда-санда бір еститін көптеген жемістер бұл уақытта көше-
көшеде, тіпті аяқ асты дейтіндей жерлерде де сатылатын болды. Сондай көп сатылатын
жемістің бірі банан екенін көріп жүрміз. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жемістің де пайдалы
шипалық қасиеттері көп көрінеді. Ол әсіресе сусамыр (кант диабеті) ауруына шалдыққандарға
өте пайдалы делінеді. Мұндайда піскен жемістің өзімен бірге піспегендері де, банан
қабығының қайнатылған тұнбасы да шипалы болып шығады. Атеросклероз, гипертония
ауруларына, бауыр мен бүйректің бірқатар ауруларына бұл жемістің шипалық әсері болатыны
анықталды.
Бананда А, В, РР және Е дәрумендері мол болғандықтан оның бас ауруларына, терінің күпсуіне
қарсы шипасы бар, көздің көру касиетіне игі ыкпалы мол, қандағы холестерин мөлшерін
азайтады, қалқанша бездің қызметін дұрыстайды. Бананның жаңа піскен мәуесі ана сүтін
молайтумен қоса, ағзаның қартаю процесін баяулатады.
3.
Бананның адам ағзасына әсері.
A)
Холестерин мөлшерін арттырады
B)
Қанды қоюлатады
C)
Қартаю процесін тежейді