I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет465/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

4. 
Мәтіннің такырыбы қандай? 
A) 
Жемістердің зияны 
B) 
Дәрумендердің тарихы 
C) 
Бананның қасиеті 
D) 
Шипагерлік қасиеттер 
E) 
Көп жемістердің пайдасы 
 
6. 
Банан қандай ауруларға пайдалы? 
 
D) 
Көздің көру касиетін баяулатады 
E) 
Қартаю процесін ұлғайтады 
 
5. 
Мәтінге қай тұжырым сай келеді? 
1. 
Бананның емдік қасиеті көп. 
2. 
Бананды жегеннен ана сүті молаяды. 
A) 
Біріншісі дұрыс 
B) 
Екіншісі дұрыс 
C) 
Біріншісі бұрыс 
D) 
Екеуі де бүрыс 
E) 
Екеуі де дүрыc 
A) 
Талма дерті 
B) 
Қант диабеті 
C) 
Жүрек ауруы 
D) 
Остеохондроз 
3- 
мәтін 
E) 
Жүйке ауруы 
 
Менің  әкем  алғанына  емес,  біреуге  бергеніне  қуанатын  адам  еді.  Күзгі  жеміс  жинау  кезеңі  - 
әкемнің  өміріндегі  ең  бақытты  күндері  болатын.  Мәуе  төккен  күзгі  ағаштар  түбінде  асығыс- 
үсігіс  жеміс  жинап  жатқан  балаларға  мейірлене  ұзақ  қарап,  іштей  елжіреп,  нұрланып,  
рухтанып,  тіпті  көрер  көзге  кәдімгідей  жасарып  кететін  еді.  Маған  әкем  өзінің  өмірін,  күш- 
қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін 
көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. 
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан 
шығар,  әйтеуір  ауылда  біреудің  пеші  яки  тандыры  бұзылып  қалса  да,  есік-терезесі  қирап 
немесе  құдығынан  су  шыкпай  жатса  да  әкемді  шақырып  әкететін.  Өз  үйіміздегі  қыруар 
шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн  ортасы  болса  да  орнынан  тұратын  да  әлгі  жәрдем  сұрап  келген  адамға  ілесіп,  үн-түнсіз 
үйден  шығып  кете  беретін.  Мұндайда  әкемнің  қабақ  шытқанын  көрген  емеспін.  Ең  бастысы 
әкем  өз  еңбегі  үшін  әлгі  адамдардан  көк  тиын  да  алмайтын.  «Еңбегіңіз  ғой,  алыңыз»  деп 
қоймайтын кісілерге катты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін 
ауылдастары  мұндайда: «Бізден қайтпаса,  кұдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. 
Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. 
Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір калған бір көп балалы әйел 
бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем 


 
 
қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: 

Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз қалай? 
- деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына 
сұрақпен жауап берді: 

Әркайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген 
малдан қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған 
күлімсірей қарады. 
Қазір ойлап карасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын 
пәннен  мықтап  дәріс  беріп  кеткен  екен.  Бүгінгі  қиын-қыстау  кезеңнің  өзінде  ауылдастарым 
бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалган көршісінің тозығы жеткен 
шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен. 
7. 
Мәтінде суреттелетін кезең 
A) 
Соғысқа дейінгі жылдар 
B) 
Жеңіс қарсаңындағы жағдай 
C) 
Сотыс кезіндегі жағдай 
D) 
Соғыстың алғашқы жылдары 
E) 
Соғыстан кейінгі жылдар 
8. 
Ағасының зілді сөзіне қайтарган жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді? 
A) 
Өзімшілдігін 
B) 
Бірсөзділігін 
C) 
Сабырсыздығын 
D) 
Қырсықтығын 
E) 
Кеңпейілдігін 
9. 
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын? 
1. 
Шешесі 
2. 
Ағасы 
3. 
Жеңгесі 
4. 
Көршілері 
5. 
Ауыл адамдары 
10. 
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі 
A) 
Әкесі өзінен гөрі басқалардың қамын көбірек ойлаған 
B) 
Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған 
C) 
Әкесі тек өз үйінің камын ойлаған 
D) 
Әкесінің мінезі ауыр болған 
E) 
Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған 
11. 
Жеңгесінің әрекетінен оның қандай ойын аңғарамыз 
A) 
Күйеуінің сөзін қолдамайтынын 
B) 
Күйеуінің сөзімен келісетіндігін 
C) 
Мән-жайға немқұрайлылығын 
12. 
Мәтіннің негізгі ойы кандай? 
D) 
Інісінің сөзін қолдамайтынын 
E) 
Жағдайды түсінбегендігін 
A) 
Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені туралы айту 
B) 
Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы 
C) 
Әкесіне деген өкпесін жеткізу 
D) 
Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату 
E) 
Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет