І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет109/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
Тәжірибе жағдайында толық физикалық эксперимент жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде 
тиісті демонстрациялық және зертханалық құрал жабдықтар қажет. Қазіргі уақытта білім беру 
мекемелерінде  жеткілікті  материалдық  база  болуына  қарамастан,  тек  жарамсыз  болып  қана 
қоймай,  моральдық  жағынан  ескірген  және  жеткіліксіз  мөлшерде  бар  жабдықтар  бар.  Оқу 
орындарында  атом  және  ядролық  физика  бойынша  эксперимент  жүргізу  үшін  қажет  қымбат 
жабдықтар  туралы  армандауға  тура  келеді.  Бірақ  физика  зертханасының  талап  етілетін 
құралдармен  толық  жабдықталғанда  да  нақты  эксперимент  оны  дайындау  мен  өткізуге  көп 
уақыт  жұмсауды  талап  етеді.  Осылайша,  оқу  орындарында  құрал  жабдықтарды  пайдаланып 
физика бойынша толыққанды зертханалық эксперимент жүргізу өте қиын. 
Кейбір демонстрацияларды нақты өмірде байқау мүмкін емес, сонымен қатар физикалық 
зертханада,  мысалы,  атом  және  ядролық  физика  құбылыстары  және  т.  б.  эксперименталды 
жолмен көрсету мүмкін емес. 
Виртуалды зертханалық жұмыстар сабақтың көрнекілігін арттыруға, білім алушылардың 
өзіндік  танымдық  және  шығармашылық  белсенділігін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Олар 
қоршаған ортаның объектілері мен процестерін модельдеуге, нақты зертханалық жабдықтармен 
жасалатын эксперименттерді өткізуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан мен өз тәжірибемде виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдана бастадым. 
Мен  интернет  арқылы  https://physics.ru  сайтына  тапсырыс  беріп,  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды  жүктеп  алдым.  Олар  Windows7  операциялық  жүйесіне  еш  қиындықсыз 
орнатылады.  
Әрбір  зертханалық  жұмыс  теориялық  кезеңді,  зертханалық  тәжірибені,  қорытынды 
жасауды қамтиды (компьютер білім алушылардың тестілерін тексереді). 
Білім  алушылар  жұмыс  нәтижесін  әдеттегі  зертханалық  жұмысты  орындау  кезіндегі 
сияқты  дәптерге  рәсімдейді:  мақсатын,  жабдықтарын,  жұмыс  барысын  (олар  толтыратын 
кестені)  жазады,  топпен  бірге  жұмысты  орындау  тәртібін,  қандай  нәтижелер  алу  керектігін, 
қорытындыны  қалай  дұрыс  тұжырымдау  керектігін  айтады.  Содан  кейін  білім  алушылар 
жұмыстың  өзін  орындауға  кіріседі  және  жеке  жұмыс  тәртібі  бойынша  жұмыс  жасайды, 
оқытушы тек үлгермей қалған білім алушыларға ғана кеңес беріп көмектеседі. 
Компьютерлік  эксперимент  физика  курсының  «эксперименталды»  бөлігін  толықтыруға 
және сабақтардың тиімділігін едәуір арттыруға қабілетті екенін атап өту қажет. Оны пайдалану 
кезінде  құбылыстағы  ең  бастысы,  екінші  дәрежелі  факторларды  бөліп  алуға,  заңдылықтарды 
анықтауға,  өзгертілетін  параметрлермен  тәжірибені  бірнеше  рет  қайталауға,  нәтижелерді 
сақтауға және өзінің зерттеулеріне ыңғайлы уақытта оралуға болады. 
Сонымен қатар, білім алушылардың компьютерлік модельдермен жұмысы өте пайдалы, 
өйткені  олар  көптеген  виртуалды  тәжірибелерді  қойып,  тіпті  кішігірім  зерттеулер  жүргізе 
алады.  Мысалы,  «фотоэффект  құбылысын  зерттеу»  зертханалық  жұмысын  орындау  кезінде 
компьютер  білім  алушыларға  электрондардың  қозғалысын  бақылауға,  түсетін  кернеуді  және 
түсетін  жарық  толқынының  ұзындығы  мен  жиілігін  өзгертуге  мүмкіндік  береді. 
Интерактивтілік білім алушылардың алдында үлкен танымдық мүмкіндіктер ашады, оларды тек 
бақылаушылар  ғана  емес,  сонымен  қатар  өткізілетін  эксперименттердің  белсенді 
қатысушылары  қылып  жасайды.  Сонымен  қатар,  компьютерлік  нұсқада  көптеген 
эксперименттер жүргізуге болады. 
Білім  алушыларға  нақты  өмірде  бақылау  мүмкін  емес  макроәлем  мен  микроәлемнің 
кейбір құбылыстарын, мысалы, атом және ядролық физика құбылыстарын физикалық және т.б. 
зертханада эксперименталды жолмен жасау қиын. 
Зертханалық  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
жоспарланған білім беру нәтижелерінің екі тобын бөлуге мүмкіндік береді: 
1. Білім алушыларға қатысты: 
-  білім  алушыларға  компьютерлік  модельдермен  жеке  зерттеу  жұмыстарын  жасауға 
мүмкіндік  беріледі,  оның  барысында  олар  өз  бетінше  эксперимент  жасай  алады,  өзінің 
болжамдарын  тез  тексере  алады,  физикалық  құбылыстар  мен  процестердің  заңдылықтарын 
анықтай алады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет