І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет117/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
2.  «Түрлі-түсті  жапырақтар»,  «жеміс  бағы»  (күдікті,  күтілетін  нәтижені,  мақсаттарды 
анықтау  әдістері).  Мұндай  әдістер  оқытушыға  сыныптағы  әр  білім  алушыны  жеке  жақсы 
түсінуге,  жинақталған  материалдар  болашақта  білім  алушыларға  тұлғалық-бағдарлы  әдістерді 
қолдануға мүмкіндік береді. 
Білім  алушыларға  қағаздан  алдын-ала  қиылған  қар,  түрлі  жемістер,  түрлі-түсті 
жапырақтар  таратылады  және  оларға  білім  алушылар  бүгінгі  сабақтан  не  күтетінін  жазып 
белгілі  бір  алаңқайға,  ағаш  бұтасына  бекітеді.  Білім  алушылардың  жазған  жауаптарын  оқи 
отырып, жалпы оқудан не күтетінін және неден қауіптенетінін нақты анықтауға болады. Білім 
алушылардың  жазған  жауаптарын  оқып  болғаннан  кейін  тұжырымдалған  мақсаттар,  тілектер, 
алаңдаушылықтар жүйеленеді және қорытындылар шығарылады. 
3. Сабақ барысында оқытушы үнемі білім алушыларға жаңа материалды хабарлауға тура 
келеді.  «ойлан  тап»,  «кластер»,  «ми  шабуылы»  сияқты  оқу  материалдарын  таныстырудың 
әдістері  білім  алушыларды  тақырыпқа  бағыттауға,  оларға  жаңа  материалдармен  өз  бетінше 
жұмыс  істеу  үшін  іс  әрекеттің  негізгі  бағыттарын  ұсынуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  әдістерде 
тақтаның  жоғарғы  жағына  сабақ  тақырыбы  жазылады.  Тақтаның  қалған  кеңістігі  нөмірленіп, 
бірақ  әлі  толтырылмаған  секторларға  бөлінеді.  Білім  алушыларға  тақырып  бойынша  қандай 
мәселелер  талқыланатыны  туралы  ойлану  ұсынылады.  Сабақ  барысында  білім  алушылар 
тақырып  бойынша  түйінді  сөздерді  бөліп,  тақтаның  толтырылмаған  бос  секторларына  жазып 
толтырады. Біртіндеп тақтаның толтырылмаған бос секторлары азаяды, негізгі мәселені жалпы 
ақпарат ағынынан бөлу материалды жақсы қабылдауға ықпал етеді.  
Сонымен  қатар  бұл  әдісті  қолдану  кезінде  білім  алушылар  мәтінді  оқи  отырып,  терең 
зерделеуге  үйренеді  және  ойын  жинақтай  отырып,  негізгі  проблемасын  табады  да,  шешімін 
айтады.  Бұл  қысқа  да  нұсқа  жұмыс  болғанымен  білім  алушының  өз  ойын  жинақтай  білуге 
үйренеді.  Өйткені,  бұл  әдісті  тиімді  пайдалану  білім  алушылардың  тақырыпқа  сай  ақпарат 
алуымен  қатар  олардың  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  ойлау  деңгейлерін  жетілдіреді  де, 
бір-бірімен өзара жақсы қатынас орнатуды  жақсартады.  
4. Жаңа тақырып бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қажетті жаңа материалдар 
білім алушыларға қызықты болғаны маңызды.  Мұны қалай жасауға болады?  Әрине, белсенді 
әдістердің  көмегімен.  Сабақтың  тақырыбы  бойынша  жұмыс  істеу  үшін  «ара  ұясы»,  «визит 
карточкалары»  әдістері  ауысымды  немесе  тұрақты  құрам  топтарына  қолданылады. 
Пікірталасты  өткізу  және  шешім  қабылдау  үшін  –  «бағдаршам»,  «от  жолында»  әдістері. 
Балалардың  өзіндік  жұмысының  материалдарын  ұсыну  үшін  «физикалық  карусель»,  «автобус 
аялдамасы»,  «шығармашылық  шеберхана»  сияқты  әдістер  өте  қызықты.  Бұл  әдістерді 
қолданғанда оқытушы білім алушылардың белсенділігіне назар аудара отырып, оқу материалын 
дайын  күйінде  бермей,  оларға  ашық  сұрақ  қою  арқылы   назарларын  шоғырландырып,  шолу 
жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде жетістікке жетеді. 
5. Сабақты «түймедақ», «саңырауқұлақ», «ақылды кеңес», «қорытынды шеңбер» сияқты 
әдістерді  қолдана  отырып  аяқтауға  болады.  Балалар  шеңбер  бойымен  тұрып  түймедақ 
жапырақшаларын жұлады, сабақтың тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі-түсті 
жапырақтарды  толтырады.  Бұл  әдісті  қолданғанда  білім  алушылардың  танымдық  дағдылары 
дамып артады. Кез келген материалмен жұмыс жасауда қорытынды шығару және есте сақтауға 
білім алушылардың сабақ мақсатына сай не үйренгенін түйіндеу мен түсінгенін анықтау, қате 
түсінген  жағдайда  түзету,  білім  алушыларды  өз  жұмыстарымен  таныстырып,  өз  идеяларын 
ұсына білуге үйретеді [3]. 
Бұл әдістер сабақтың қорытындысын тиімді, дұрыс және қызықты өткізуге көмектеседі. 
Оқытушы үшін бұл кезең өте маңызды, өйткені бұл балалар нені жақсы меңгерді, келесі сабақта 
не нәрсеге назар аудару керек екенін анықтауға мүмкіндік береді.  
Сонымен  қатар,  білім  алушылармен  кері  байланыс  оқытушыға  сабақта  кеткен 
кемшіліктерді  түзетуге,  болашақта  сабақты  дұрыс,  қызықты  етіп  ұйымдастыруға  мүмкіндік 
береді. Білім беру мақсатын көздей отырып, оқытудың белсенді әдістері баланың ақыл-ой мен 
тұлғасының кешенді дамуына әсер етеді. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет