І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет24/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
Алгоритмдер  теориясының  негізін  қалаушылардың  бірі  ағылшын  математигі,  логист 
және  криптограф  А.М.  Тьюринг  болды.  Математикадағы  дәрменсіздік  мәселесінің 
қиындықтарын ескере отырып, ол ақпаратты өңдеудің логикалық-математикалық зерттеулеріне 
елеулі үлес қосқан әмбебап алгоритмнің («Тьюринг машинасы») ресми үлгісін жасады.  
Жасанды  интеллект  ғылым  мен  техниканың  саласы  бола  отырып,  компьютерлік 
моделдеу  және  зерттеумен  интеллектуалдық  мінез-құлықпен  байланысты.Мұндай  мінез-
құлқына ие болған, осы құрылғылардың құрылуымен шыныменде философиялық сұрақтарға ие 
болады,  "адами  интеллект  дегеніміз не ?"  және  "жасанды  интеллектті  қалай құру?".«Жасанды 
интеллект»  ғылымы  философтардың  назарын  аудартты,  өйткені  алғашқы  интеллектуалды 
жүйенің  пайда  болуымен  адам  мен  білім  туралы  және  әлем  тәртібі  туралы  іргелі  сұрақтар 
қозғалды. Жасанды интеллект құрастырудың философиялық мәселелері жасанды интеллекттің 
дамуына  дейін  және  одан  кейінгі  екі  топқа  бөлінеді  [8].  Бірінші  топ  келесі  сұраққа  жауап 
береді: «жасанды интеллект дегеніміз не, мұны қалай жасауға болады, мүмкін болса, оны қалай 
жасауға болады?» Екінші топ (жасанды интеллект этикасы) «Адамзат үшін жасанды интеллект 
жасаудың салдары қандай?» деген сұрақ қойды. ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған 
траншуманизмнің  философиялық  жолы  жасанды  интеллектті  біздің  уақыттағы  ең  маңызды 
міндеттердің бірі ретінде жасайды.  
Қазіргі  қоғамда  ақпараттандыру  үрдістері  жаһандық  сипаталуда.  Информатика, 
компьютерлік  техника,  автоматы  жүйелер  өндіріс  пен  технологиялардың  магистральды  даму 
бағыттарын  айқындауда.  Компьютерлер  еңбек  пен  білім  алу  мазмұнын  өзгертуде,  адамның 
ақыл - ойы мен ойлау өрісін дамытуға жаңаша талаптар қоюда. 
Қазіргі  философияның  басты  мақсаты  -  жаппай  ақпараттық  технологиялардың 
енгізілуінен  болған  әлеуметтік,  интеллектуалдық  және  мәдени  салдарының  мәнін  ашу. 
Информатиканың қазіргі заманғы философиялық мәселелеріне гносеологиялық, онтологиялық, 
антропологиялық, этикалық, мәдени, әлеуметтік–тарихи аспектілерді жатқызамыз. 
Информатиканың  дамуы  барысындағы  ең  зәрулі  гносеологиялық  мәселе  -  адам 
ойлауымен машина ойлауының («жасанды интеллект») арақатынасы мәселесі. 
1960  жылдардың  өзінде  -  ақ  Винер  адам  миы  ойлау  жүйесі  ретінде  машинадан 
анағұрлым артық деп айтқан. «Басты артықшылығы–ол мидың анық емес түсініктердің өзімен 
жұмыс  істей  алуында.  Мұндай  жағдайда,  есептеуіш  машиналар  қазіргі  кезде  өзін-өзі 
бағдарламауға  қабілетсіз.  Біздің  миымыз  өлең,  роман,  суреттерді  еркін  қабылдайды,  ал  кез-
келген  есептеуіш  машина  оларды  аморфдүние  ретінде  ысырып  тастайды.  Сол  үшін  адамға 
адами дүниені, ал есептеуіш машинаға машиналық дүниені беруіміз қажет». 
Винердің  бұл  ойларды  айтқанынан  бері  компьютерлік  техника  мен  компьютерлерді 
пайдалану  технологияларының  дамығаны  соншалықты,  нәтижесінде  таным  теориясының 
ерекше  саласын  зерттеу  мәселесі  туындады.  Гносеологияның  бұл  жаңа  саласы  ақпараттық 
эпистемология деген атқа ие болды, оның мақсаты – компьютерлерде білімнің құрылу үрдісін 
зерттеу.  Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  дәстүрлі  гносеологияның  көптеген  мәселелерін 
қайта қарап немесе нақтылау керек. Жасанды интеллект пен адамзат дамуының қазіргі және 
болашақтағы  ролін  зерттеуде  екі  бағыт  қалыптасқан:  Бірінші  бағыт  А.П.  Назаретяның 
«Дүниежүзіндегі  интеллект»  кітабында  анық  көрініс  тапқан.  Оның  ойынша,  адаміс-
әрекетіндегі  ақыл  -  ой  еңбегінің  ұлғаюы  жалпы  эволюциялық  заңды  бейнелейді,  ол  күрделі 
жүйе  екі  өсу  векторына  қатысты  –  технологиялық  потенциал  және  ұйымдастырушылық 
күрделілік. 
Екінші  бағыт  орыс  ғалымы  А.А.  Мальцев  «Интеллект  және  ресурс»  мақаласында 
компьютерлік  ойлау  арқылы  барлық  мәселелерді  шешуге  болмайтынын  дәлелдей  отырып, 
жасанды  ақыл  -  ой  жанкүйерлерінің  ыстық  үміттерін  суындыруға  тырысты.  Ол  алгоритм 
құрудағы компьютерлердің шектеулі мүмкіндіктеріне назар аударды. Соныменқатар, Мальцев 
ақыл  -  ой  байлығының  асыра  қолданылатындығы,  тозатыны,  адами  ақыл  -  ойдың  «сомалық 
межесі» оның осы салада алға дамуын тежейтінін айтады. 
Информатикадағы  тағы  маңызды  философиялық  мәселе  –  жаңа  тіршіліктүрі  – 
машиналық  –  ақпараттық  ағым,  яғни  виртуалды  шындық  лат.  (Virtualіs  –  мүмкін  болатын, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет