I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)



бет39/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
50.Окытудын арнайы шарттары
Арнайы қызмет түріне қажеттіліктерін анықтау барысында алдымен, оқыту және тәрбиелеу мәселелерін шешу барысында баланың қызығушылығына басымдылық беретін ізгілік қағидасы басшылыққа алынады. Сонымен қатар, бұл қағида, әр баланың өз қабілетін барынша дамытуына уақытында қажетті жағдай жасау керектігін білдіреді. Бұл жағдайлар инклюзивтілік принципінің негізінде дамып келе жатқан жалпы білім беру ұйымдарында жасалады. Ерекше жағдайлар қызметкерлермен, қаржылай, материалды- техникалық және басқалай мектептегі білім беру процесін қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар жүйесі дегенді білдіреді. Аталған талаптарды іске асырудағы кіріктіру нәтижесі болып табылатын орта: жалпы және ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын, арнайы қажеттілігі бар оқушыларды қосқанда барлық білім алушыларға бідей физикалық және эмоционалдық тұрғыдан жайлы, ата-аналарға (олардың заңды өкілдеріне) ашық, балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтап және нығайтуға кепілдік беретін болуы қажет. Оларға келесі шарттарды жатқызуға болады: Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау.
Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында ше
Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру. Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.
Төртінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы психологиялық- медициналық-педагогикалық сүйемелдеу.
Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі

51. Психикалық дамуы тежелген балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, олардың соматикалық және психикалық денсаулық жағдайына сәйкес білім беру қызметін ұйымдастыру.
Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.
Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер:
— сабақ процесіне жай қосылады;
— оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды;
— берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;
— оқу мен жазуы жай;
— оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;
— есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді;
— тез шаршағыш;
— сыныптастарымен аз араласады;
— өз ойын анық айта алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет