Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
1-апта
СӨЖ Тақырыбы:Мемлекеттік басқарудың нысандары Орындаған:Ермекбай Әсел
Қабылдаған:Битұрсын Ғ.Ш.
Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды. Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.
Монархия (грек тілінен — жалғыз билеуші) — басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады — монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
— жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
— басқаруының уақыты шексіз (абсолютті) болады;
— сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы — Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
— өкіметтің сайлануы;
— белгілі уақытқа ғана сайлау;
— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) — Президент пен Парламент бірге жүргізеді. Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»). Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Парламенттік республикада — үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні – пролетариат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады[10]. Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, басқарушы және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындағы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет рухы сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жіктелінеді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қолданылатын функцияларына тоқталғанды жөн көрдік.
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдастыру-реттеушілік (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық жұмыстар); ұйымдастыру-шаруашылық (әр түрлі мемлекеттік функциялардыорындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты оперативтік-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар); ұйымдастыру-идеологиялық (мемлекеттің әр түрлі функцияларының орындауын қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік-түсіндіру, тәрбиелік жұмыстар).
Мемлкеттің механизмі бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқа функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмінің маңызы өте зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтыр мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзеретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастырушылық материалдық және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйетін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:
— заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);
— федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті (мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);
— бастапқы (сайланбалы өкілді), мүшелерін халықтың сайлауы және туынды (қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу тәртібіне қарай);
— жалпы құзыретті, яғни бұл орган өзінің құзыреті шегінде, оған қатысты барлық мәселелерді қарап шеше алады (мысалы Президент, Үкімет, т.б.) және арнайы құзыретті – бұл өз жұмысын белгілі бір тар салаларда ғана атқара алатын орган (мысалы, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, т.с.с.) (құзыреттің мәні бойынша);
— коллегиялды – шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара басшылық – мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі (шешімді қабылдау әдісіне қарай);
— тұрақты және уақытша (өкілеттіліктің мерзімі бойынша).
Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:
— мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;
— заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;
— заң жүзінде бекітілген ұйымдық құрылымы, құзыреті (құқықтар мен міндеттердің жиынтығы), аумақтық қызмет көлемі, арнаулы аппараты және өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайтын тәртібі болуы;
— белгілі бір материалдық құралдарға иелігі (құрылыс, үйелер, көлік, т.б.);
— мемлекеттік билік сипаттаға өкілеттілігіне иелігі, яғни әр қилы құқықтық актілерді шығару және оны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін құқығының болуы.
Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге аырушы күш, мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымының жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекеттік аппарат дегеніміз билігін іске асыру үшін билік өкілеттілігіне иелі мемлекеттік органдардың жүйесін құрайтын мемлекеттің механизмі. Өз қызметі шегінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:
— демократиялық (мемлекет органдарының қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға халықтың кеңінен қатысуы);
— заңдылық (бүкіл нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың барлығы да дәлме-дәл, қатаң, әрі бұлжытпай орындауы);
— есеп берушілік (төменгі органдардың жоғарғы органдарға өз қызметі жайында есеп берудің міндеттілігі);
— коллегиялық пен жеке басшылықтың үйлесімділігі (бұл мәселелелрді ұжымдық талқылауды, бірақ шешімді жеке басшының өзі қабылдап, оны іс жүзіне асырғанда жеке жауаптылықты көздейді);
— жариялылық (белгілі бір мемлекеттік органының тәжірибелік қызметі туралы құқық субъектілеріне (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мекемелерге, төменгі органдарға және т.б.) хабарлауды қамтамасыз ету).
Мемлекеттік механизм құрылымына мемлекеттік аппратпен бірге мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындар да кіреді.
Мемлекеттік ұйым – мемлекеттің функциясын әр түрлі салаларда, айталық, экономика, әлеуметтік, мәдени, қорғаушылық және т.с.с., жүзеге асырушы мемлекеттік мекеме. Көпшіліктің тұжырымдаулары бойынша, мемлекеттік ұйым әлеуметтік-мәдени функцияларды (мысалы, білім, ғылым, денсаулық, т.б.) іске асыруға бағытталған, — дейді.
Мемлекеттік кәсіпорын – өндіріс өнімдерін шығару немесе оны қамтамасыз ету, түрлі жұмысты атқару және қоғам тұтынушыларының, жеке тұлғалардың қажетін қанағаттандыру, әрі пайда табу, көп түрлі көмекті көрсету мақсатына сай шаруашылық қызметті атқару үшін құрылады.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық олардың сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысанының арасында басқару нысаны маңызды элемент болып саналады.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекет билігінің әдісін ашады, оның органдарының өзара қарым қатынасын және халықпен қатынасын, тұрғындарды белгілі нысанға келтіру дәрежесін анықтайды.
Енді мемлекет нысанын талдап өтейік.
Мемлекеттің басқару нысаны Монархия және Республика болып екіге бөлінеді.Монархия — ол жоғарғы билік бір адамның қолында және бүл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның билігі өзінің түсінігі айтып тұрғандай, мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе тиюі. Сондықтан, оның билігі мұрагерлік билік. Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін, яғни соғыс арқылы. Монархияның көшуінің үшінші түрі де бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды. Мысалы Малайзия елінде. Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару нысаны да кездескен. Ол мәселен Спартада. Монархтың бір қасиеті ол өзінің билігіне құдайдан басқа ешкімге жауапты емес, себебі ол мемлекеттің басшысы, оның атынан сот, заң, құқық қабылданады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Аталмыш монархияның өзі де екіге бөлінеді: Шексіз және Шектелген монархия болып. Осы тұрғыда монархияның екі түріне түсінік беріп өтейік.
Шексіз монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында, бірақ оның да бірнеше түрі бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс диспотиясы.
Монархиялардың көбі шектелген монархияға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір адаммен немесе заңмен шектеледі.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік — өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұргындары, басқаша айтқанда буржуазия. Сословиялар өздерінің мүдделерін қоргайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару нысан «сегунат» деп аталады. Жаңа кезендерде шектелген монархия Конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Бірақ тарихи процесс объективті түрінде парламента жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші болып Англияда құрылды. Даңқты реоволюциядан кейін құқық туралы Билль деген 1689 жылы Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазіргі уақытта Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекет басшысы. Монарх — мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет — ғұрыптары.
Монархтың билігі жоғары және тәуелсіз болғандықтан ол өмір бойы билік ете алады. Бұл тұрғыда біз басқару нысанының бірінші түрі, яғни монархияны қарастырып өттік, ал ендігі басқару нысанының екінші түрі республикаға түсінік беріп өтейік.
Республикада монарх тәрізді ежелгі мемлекет нысаны болып қалыптасқан. Бірақ республикалық басқару нысанын халық сайлаған адам басқарады және оны белгілі бір уақытқа сайлайды.
Республикалық басқару нысаны — бұл ұжымдық басқару болып саналады. Республика деген сөз коне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік басқарушы адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар Республикада болмайды. Жаңа кезеңде Республиканың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар.
Президенттік Республика — Республика бірлігінің, тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі Парламенттің келісімімен тағайындайды. Республиканы президент басқарғанымен, мемлекеттік заң шығару билігі парламенттің қолында және парламент белгілі қызметкерлерді және Жоғары сотты тағайындаған уақытта да келісімін береді. Парламенттің зандары бір ауыздан қабылдана қоймайды, оның зандары екі рет тексеріледі, содан барып президент вето құқығын қолданып, қабылданған зандарға қол қояды. Конституциялық сот заңның конституцияға сәйкестігін тексереді, ал сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері Президенттік Республикада белгілі уақытқа немесе өмір бойы тағайындалады.
Бұл салада бөлініп, әр бөлшектің өзінің атқаратын қызметі бар екенін көріп отырмыз, ал монархияда керісінше, мемлекет билігі және басқа да іс әрекеттерді бір адам ғана басқарады, екінші айырмашылық монархия мұрагерлікпен, атадан әкеге, әкеден балаға, немесе ағайын, туысқа беріліп жалғасса, Республика басқару нысанында, ол мүлдем басқаша, яғни жоғарыда атап өткендей Ел басшысын халық белгілі бір уақытқа сайлайды және халық үкіметтің жұмысына толық араласады.
Президенттен кейінгі республика ол Парламенттік, осы тұрғыда Парламентке тоқталып өткенді жөн көрдім. Парламенттік Республика — бұл мемлекеттік басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер — министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Үкімет Парламенттің алдында жауапты. Парламенттің басқару нысанында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек үкімет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі Парламенттегі партиялық көпшілік негізінде қүрылады. Күшті Үкімет, әлсіз Президент.
Үкіметте Парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады.Осы тұрғыда қарап көрсек Президентте де, Парламентте де билік бар екенін көріп отырмыз. Республиканы бір басшы басқарғанымен, екі басшы қызмет атқарады, ал қалған органдар оларға тәуелді болады. Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
— мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
— жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
— жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
— жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |