І. Кіріспе. Қазақстан егемендігінің қалыптасуы мен ерекшеліктері. ІІ. Негізгі бөлім



бет5/5
Дата06.12.2022
өлшемі31,75 Kb.
#55425
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат(1) Каз.тарихы Айбекова Дана 1105

Қорытынды

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Әлеуметтік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары – азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мәдениет саласындағы сұраныстарын мүмкіндігінше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тәртіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемлекеттік дамуы туралы берік, сындарлы тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді.


Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема мемлекетті қалыптастыру еді. Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды, жария, егемен, легитимді, құқықты, жоғары деңгейде институттанған, жалпыға бірдей әмбебап ұйымы. Ол қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың егемендігінің бірден бір көзі, субектісі және егесі ретінде қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның барлық кіші жүйелері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін, олар үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес ұйым болып табылады. Ғылыми әдебиетте мемлекеттің негізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін және тиімді мемлекет құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне отандық және шетелдік зерттеушілер дәлелдеуі бойынша мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабілетті, қажетті адами, материалдық және қаржылық ресурстарға ие тармақталған басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) болуы. Қазақстанда жиырма жылда осы аталған белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, әлеуетті, әлем мойындаған және санасатын мемлекет қалыптасты. Ал елде қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызметінен көрінеді. Саяси жүйе сөздің кең мағынасында – белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы. Бұл жерде транзиттік, өтпелі қоғамдардағы аса күрделі міндеттерді шешуге, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет ететін жаңа саяси жүйені қалыптастыру күрделі мәселе екенін еске ұстаған жөн. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында жаһандану, ақпараттық қоғам, халықаралық байланыстардың күшеюі жағдайында саяси жүйе мен оның институттарының функциялары барған сайын күрделеніп, тармақталып, олар қамтитын құбылыстар мен қатынастардың ауқымы кеңейіп, олардың өзара сабақтастығы, өзара байланыстары күрделенген уақыт болатын. Осы жаңа әлемге, оның күрделі саяси-экономикалық, идеологиялық қатынастарының дербес субъектісі ретінде ұмтылып отырған Қазақстан, алдымен, өзін-өзі мемлекет ретінде анықтап, мемлекеттік-конституциялық құрылысын түбегейлі бекемдеу міндеті тұрғаны айдай ақиқат еді. Бүгінде, жиырма жылдық дербес дамудың биігінен еліміз бұл жауапкершіліктен абыроймен шықты деуге негіз бар. Әлемдегі, әсіресе, демократиялық елдердегі саяси жүйелерді зерттеген, теориялық ой-толғамдарын әлем саясаттанушылары мойындаған Толкотт Парсонс, Дэвид Истон, Габриель Алмонд, Карл Дойч, Дж. Бингем Пауэлл және тағы басқа батыстық оқымыстылардың саяси жүйе және олардың негізгі институттары функциялары туралы іліміне сүйенсек, Қазақстанның саяси жүйесі институттарының конституциялық өріс аясындағы қызметінің де өте күрделі, сан тарапты екендігіне толық көз жеткізуге болады.

IV.Қолданылған әдебиеттер.

  • https://www.yaneuch.ru/cat_08/azastan-respublikasyny-memelekettksayasi-rylymy/570854.3471342.page1.html

  • https://strategy2050.kz/multilanguage/

  • https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_2030


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет