I кіріспе бөлім II әдебиетке шолу



бет2/12
Дата07.01.2022
өлшемі77,54 Kb.
#18779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.1 Фармокологияға түсінік

Фармакология (грекше рharmakon – дәрі, logos – ғылым) –дәрілік заттар,

және олардың қасиеті, сау және ауру организмге әсері туралы ғылым.

Ветеринариялық фармакология дәрілік заттардың физико– химиялық және емдік– физиологиялық қасиетін, сонымен катар ауру малдарды емдеуде, емдік тәжірибе ретінде және ауруды алдын алуда жанжақты қолдануды оқытады.

Дәрі немесе дәрілік зат деп ауруды емдеуге тағайындалған арнайы затты айтады. Дәрі ретінде зияансыз сонымен қатар улы заттарды қолданады. Улы зат пен дәрі арасындағы ешқандай айырмасы зор емес, анықтауда оңайға түспейді. Мысалы ас тұзын шамадан көп колданса уландырады. Сонымен қатар қүшті уларды (стрихнин, мышьяк, атропин) дұрыс қолдана білсе жақсы емдік нәтиже алуға болады. У мен дәрі жөніндегі түсінік біркелкі мәлімдеме береді. Сонымен көптеген дәрілік препараттардың улылық қасиеттері бар, оларды дұрыс қолдана білмесе, сақтық танытпаса жануарларды уландыруға болады.

Ветеринариялық тәжірибеде дәрілік заттардың әртүрлі түрі қолданылады, олар минералды, органикалық, өсімдік және жануар тектес пен синтеткалық жолдармен алынған. Бұл емдік және ауруды алдын алуға арналған медикаментозды заттар, химиялық құрамы, құрылымы, физико –химиялық қасиеті, биологиялық белсенділігі және организмге физиологиялық әсер етуімен сипатталады.

Дәрілердің әсер ету ерекшеліктері Дәрілердің организмге әсер етуін күрделі биологиялық үрдіс ретінде қарастырып, олардың сипатын, заттың физико– химиялық қасиетіне, организмнің қалпына, қоршаған ортаның жағдайына байланысты анықтайды. Организмдегі ең байыпты өзгерулерді анықтаудағы ең бір тиімді жолы, ол дәрілік заттың негізгі емдік қасиеті, бірақ көптеген заттар маңыздылық танытпайды, организмде шамалы ғана өзгеріс туғызады. Дәрілік заттың әсері олар жалпы, таңдамалы, тікелей, жанама әсері - деп айырады. Тікелей әсер ету эффектісі - ол дәрілердің алғашқы әсер етуне ұлпалардың тиімді жауап қайтаруы. Бірақ организмдегі барлық ұлпалар мен мүшелер нейрогуморальды байланыста және функционалдық ара тәуельділікте болады, сондықтан бір жерге берілген эффект басқа мүшелердеде байқалады. Дәрілік туғызу нәтижесін жанама әсер етуі деп сипатталады. Дәрілік заттың тек бір орталыққа немесе бір мүшеге ғана әсер етуі таңдамалы әсері болып саналады. Мысалы апоморфин тек құсу орталығына. Гликозиттер тек жүрекке әсер етеді. Әртүрлі мүше мен жүйелердің жасушаларына біркелкі өзгеріс туғызатын биохимиялық үрдістерді дәрілік заттың жалпы әсері деп аталады..

Дәрілік заттардың әсерінен организмде туындайтын өзгеріс кешенін фармакодинамика деп аталады. Фармакодинамиканы қарастырғанда, фармакология, академик И.П.Павловтың физиологиядағы жетістіктері, организмнің өмірәрекетінің барлық үрдістері рефлекторлық реттелу іліміне сүйенеді. Осы ілім тұрғысынан қарастырылатын болса, дәрілік заттар рефлекторлық аппараттың тітіркендіруші ретінде қаралады, ал қоздырушыға, физиологиялық әсерін, ми қыртысы мен басқада рефлекторлық тізбек түйіндеріне қоздырушы мен тежеуші ретінде сипатталады. Қоздырғыш химиялық дәнекерлердің ролі, мен жүйкелік импульстарды берушілерге нейромедиаторларға тиесілі (биогенді амин адреналин тәріздес, ацетилхолин, дафамин). Олар жүйке жүйесі жоғарғы сатылы жануарлардың орталық жүйке жүйесіне байланысты мүшелердің қызметін келістіре отырып, ынталандырушы және жабырқандырушы икемділігін арттырушы болып есептеледі. Дәрілік заттар жіберген жерге немесе, ол сорылғаннан кейін жүйке жүйесіне, тікелей немесе рефлекторлы түрде жүйке аяқшаларына (рецепторларға) әсер етеді.

Ауруды емдеу үшін, дәрілік заттарды, аурудың патогенетикалық негізіне байланысты тағайындайды. Егер жануалардыің функцияларының әлсіреуі, жабырқауы байқалса онда организмнің күш-қуатын көтеруші, белсенділігін арттырушы, қалыпты ғана ындаландырушы дәрілік заттар қолдаланып, физиологиялық деңгейге жеткізіледі. Ауру организмнің функциясының қалпына келтіруде, патогениткалық емдік дәрілер қолданылады. Олар нервтік- эндокриндік, ферментативтілік, генетикалық және басқада организмнің реттеуші механизмініне әсер ете алады. Патологиялық рефлекстер туындауы шамадан тыс функцияның қарқындауы мен қозуда (жөтель, шаншу), стресстік реакция ретінде ауруға тыныштандырушы, ауруды басушы, стресске қарсы, седативті заттар тағайындайды.

Фармакологиялық эффектінің байқалу ерекшелігіне байланысты дәрілік заттарды жалпы, жергілікті, рефлекторлық әсерлі деп айырады. Рефлекторлық аймактардың тітіркенуімен туындайтын эффектіні рефлекторлы әсер деп атайды.

Дәрінің жергілікті әсері деп - дәрілік заттың қанға тарамай тұрып,

ұлпалармен (тері, кілегейлі қабаттар) тікелей әсерлесуіндегі, организмде туындайтын өзгеріс кешені.

Жалпы немесе резорбтикалық деп – дәрілік заттың қанға сінгеннен кейінгі әсері. Резорбтикалық әсердің сипаты, оны енгізу әдісіне, жылдамдылығына, санына, сіңу жылдамдылығына, қан мен ұлпадағы концентрациясына байланысты.

Жанама әсері деп - дәрілік затқа организм реакциясының жағымсыз жауабын айтамыз. Ол органдардың морфологиялық өзгерісі мен функционалдық бұзылуымен айқындалады.

Дәрілік заттардың мөлшері – дозасы. Доза дегеніміз - ағзаға физиологиялық әсер ете алатын дәрілік заттың нақты мөлшері. Заттың саны таразылық немесе көлемдік бірлікте көрсетіледі (грамм, миллилитр).

Дозаларды емдік немесе терапевтикалық, токсикалық немесе өлім дозасы летальды деп айырады. Тәжірибеде қолданылатын дозалар терапевтикалық және профилактикалықтар. Олады бір реттік қолдану бір тәулікке, немесе аурудың емдік курсына. Емдік дозалар минималды, орташа, максималды болады.

Дозаны малдың түрін, жынысын, жасын, салмағын еске ала отырып тағайындайды.

Дәрілік заттарды ұластыра (комбинирование) қолдану. Егер организмге бір уақытта екі немесе оданда көп дәрілік заттар қолданылса онда оны уластыра әсер етуі деп аталады. Кейбір жағдайларда бір дәрінің әсері екінші затқа әсер етпейдіде, өзара әсер етеді синергизм не антогонизм түрінде байқалады. Синергизм екі немесе бірнеше дәрілік заттың бір физиологиялық бағытта әсер етуі. Осындай уақытта әсер ету эффелтісі қосылады. Антогонизм бір дәрілік заттың әсерін екнші затпен түсіру немесе төмендету. Антогонизм химиялық мысалы қышқылдарды сілтілермен бейтараптау. Физиологиялық ұйықтатқыш препараттар мен қоздыру препараттарын орталық жүйке жүйесіне қолдану. Физиологиялық антогонизм тікелей және жанама түрлерге бөлінеді. Тікелей ол бір физиологиялық жүйеге екі зат карама қарсы әсер береді (мысалы, атропин жабырқатады, ареколин парасимпатикалық жүйке жүйесінің қоздырады, соның нәтижесінде алғашқысы басымшылық көрсетсе, ал екіншісі ішектің жиырылуын –перистальтикасын жылдамдатады). Антогонизм көбінесе уланулармен күрескенде пайдалынады. Улануларда қолданылатын химиялық антогонистерді андитот – деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет