Инфекция түрлері.
Инфекциялық аурулардың барысына байланысты жіті, созылмалы. Шығу тегі бойынша-экзогенді, эндогенді. Қоздырғышпен организм қатынасының сипатына байланысты инфекциялар әртүрлі болады. Ауырғанан кейін иммунитет болмаса, ондай организм қайталап аурыады, ондай құбылысты реинфекция деп аталынады.
Кейбір жағдайда организм мен қоздырғыш арасында тепетеңдік болады, одан кейін инфекция организмге қайта еніп, ауру күшейеді онда суперинфекция дейді. Тағы бір құбылыс ол организмде клиникалылық белгілері жоғалып кейбір жағдайлардың болмаунан қанда қозып, клиникалық белгілері пайда болады онда да рецидив - деп аталады.
Инфекцияның организмге енген мөлшеріне байланысты қарапaйым және аралас инфекция деп бөледі.
Қарапайым инфекция- қоздырғыштың бір түрі ғана .
Аралас-екі түрі және одан да көп болады. Туберкулез және бруцеллез екеуінде енсе организмге, аралас инфекция ол ауыр түрде өтеді.
Инфекциялық аурулардың ерекшелігі олардың өзіне тәндігінің циклдық дамуында. Организмде инфекциялық процесстің дамуының алғашқы кезеңі-инкубациялық кезең. Ол микробтың енген уақытынан алғашқы немесе бірнеше жылға дейі болуы.Организм резистенттілігі, қоздырғыш вируленттілігі, мөлшерінебайланысты.
Екінші кезеңі-продрональдық кезең аурудың басталу кезеңі. Ол аурудың өзіне тән емес, жалпы аурудың белгісі біліне бастайды, дене қызуы, аппетитінің болмауы, өнімділігінің азайюы, жабырқауы. Барлық ауруларда кездесетін жағдайлар.
Анық аурудың клиникалық белгілері-стадиясы білінеді-аурудың өзіне ғана тән касиеті анықталады.
Келесі кезең –сөну кезеңі. Клиникалық белгілері бірте-бірте әлсіреп,
функциялары бұзылуы жоғалады.
Ақырғы кезең-жазылу және реконвалисценция. Эволюция процессінде кейбір малдарға қалыптасып алады сондықтан: зооноздар-малдарға тән, адамдарға тән антропоноздар. Малдарды зақымдап-адамдарға берілсе зооантропоноздар. Адамнан-малға, малдан-адамға берілсе антропозооноздар. Организм резистенттілігі-жануарларда патогенді микроорганизмнен қорғайтын өзіне тән қорғаныш анықтайтын организм резистенттілігі.
Ол организм мен тек тері арқылы ғана байланысты, ең бірінші қорғаныс механикалық барьер өткізбейтін тері мен кілегейілі қабықтар. Организмнене бөлінетін секреттер, сілекей, көз жасы бактериоцидті қасиеті бар (лизоцим).
Тітіркендіргіш эпителий тыныс алу мүшелерін жауып тұрған (10микроб) дейінгі бөгде затқа әлі жетеді. Азық қорыту сөлі, лимфалық жүйесі, фагоциттер, гуморальды факторлар лизоцим, пропердин, комплементарлық байланыстырғыш антиденелер т. б.
Арнайы заразды-індетті аурулардан қорғайтын, тұрақтылық ол иммунитет.Аурудың түріне байланысты иммунитет мысалы күйіс қайыратын малдар сақау мен, бір тұяқтылар аусылмен ауырмайды.
Иммунитет түрін білесіңдер.
Эпизоотологиялық процесс.
Инфекциялық аурулардың жайылмауы оның қоздырғышы ауру малдан сау малға ретімен беріліп отыру нәтижесінде болады. Қоздырғыштың сыртқы ортаға бөлініп щеңбер ретінде жұқтыруын - эпизоотологиялық процесс деп атайды.
Эпизоотологиялық процессті түсіну үшін белгілі биоценоздағы аурудың шығуы мен таралуын микробтың паразит түрімен мал түрінің қатынасын оқып тану керек. Эпизоотологиялық процесспен оған тән заңдылықтар жалпы эпизоотология пәнін анықтайды.
Эпизоотологиялық процесстің тығыз байланысы белгілі бір қоздырғышты жұқтырған мал түрі (инфекция қоздырғышының қайнар көзі), беру механизм және қабылдағыш мал.
Инфекция қайнар көзі ол адам және мал қоздырғыштарының даму орны. Қалғандары резервтер және инфекция қоздырғышын таратушы.
Инфекция резервуары дегеніміз-жануар әлемнің әр түрі, өсімдік, топырақ,су, онда қоздырғыш өсіп өніп дамып қабылдағыш малға беріледі. Мысалы лептоспироз резервуары кеміргіштер, риккетсид-кенелер.
Эпизоотолгиялық ошақ - ауырған мал орны, территория, індетті,бастаманың сау малға берілуі. Инфекцияның берілуі механизм және таралу жолы. Беру механизмі инфекцияны-эволюциялы түрде қоздырғыштар бір организмнен екінші көшу қабілеттілігін айтады. Бірінен-біріне беру факторлары олар сыртқы орта элементтер қайнар көзінен сау малдарға тарататын. Қоздырғышты беру жолдары сыртқы ортаның белгілі бір элементтер және олардың бірігіп індетті енуі.
Қоздырғыштың физиологиялық процестерде организмнің заттардың шығуы мен болады-дефикация, несеп бөлу, тыныс алу, сүт сілекей, жас патологиялық жағдайда –жөтел, құсу, түшкіру, ашық патологиялық процестерді-қотыр, абсцесс, эрозия, насекомдар арқылы қан сорғыш.
Беру жолы әртүрлі. 2 түрге бөлінеді тікелей және жан-жағына.
Тікелей немесе вертикальды берілуі-қоздырғыштар ата-енесінен ұрпағына.
Жан-жақты (көлденең және горизонтальды берілуі бір малдан екінші малға берілуі. Тікелей кейде аталық-аналық ұрық клеткасы арқылы беріледі (трансвариальды) берілу дейді. Кейде буаз малдар ішіндегі төліне берілуі плацента арқылы (транспланцентарлы). Жыныс клеткалар арқылы-леикоз.
Плацента арқылы бруцеллез. Ауру қоздырғыштарының жан жағына берілуі контактылық, аэрогендік, алиментарлық және трансмиссивтік жолдарға бөлінеді.
Контактілік (жанусу арқылы) құтырық ауруы (тістегенде).
Аэрогендік (ауа арқылы) щаң тозаң, тамшы-тозаңды, туберкулез,аспергилез респитаторлық микроплазмоз,паригрипп.
Алиментарлық (қореқтік)-топырақ арқылы (топаңмен қарасан, братазот,тілме) су арқылы лептоспироз, листериоз, сақау. Трансмиссивтік-тірі тасмалдауышылар арқылы (маса, сона, кене) Індеттің аз қарқыны және статистикалық көрсеикіші.-аурудың бір малдан басқа малға таралуы әртүрлі болады, бір жағдайда бірең-сараң ғана мал ауырса,екінші жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады.
Сондықтан да қарқыны (таралу екпіні) жайылу ауқымына байланысты індет процессі үш түрлі болып кездеседі. Аурудың бірең-сараң білінуі (спорадия) індет (эпизоотия), лаң панзоотия.Спорадия (грекше sporadikos –бірең-сараң кездейсоқ). Бұл инфекцияның дәрежесідегі қарқыны (сіреспе, зілді қатаральді қызба).
Індет (эпизоотия, латынша ері-арасында зоопоозтия жануар )-індет процессінің орташа дәрежесіндегі қарқынмаен дамуы. Індет кезінде жаңа індет ошақтары пайда болады. Мұндай дисперсиябельдік-жұқпалы аурудың кең таралуына ықпал жасайды.
Індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар ауруға шалдығады-індеттің лапылы (эпизоотолгическая вспышка) аусыл, топалаң құс пастерелледі, шошқа обасы т.б.).
Лаң панзоотия рап-тұтас жалпы індет процесінің ең жоғарғы қарқыны. Кең территорияда жайылып кетеді. Энзоотия-індеттің қарқынының көрсеткіші емес оның бір ортаға тұрақтануы, жұқпалы ауырудың бір жерде үздіксіз қайталануы, сол территориямен дөп келуі. (территоряльная приуроченность)
Қарқындықты анықтау үшін сандық баға бере бастады. Ауру көрсеткіші ол проценті немесе өлшем бірлігі көрсетіледі.-бірлік көрсеткіші.
А/Б*100(1000,10000,100000)
А- бір кезеңдегі ауырған мал
Б-сол кезеңдегі жалпы мал саны
Өлім көрсеткіші:
С/Б*100
С-өлген мал саны
Б-сол кезеңдегі мал саны
Летальдық-өлім көрсеткіші: С/А*100
С-өлген мал саны
А-ауырған мал саны
Достарыңызбен бөлісу: |