2.3Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық процесс
Эпизоотология - эпизотологиялық процестердің заңдылығын (себебін, пайда болу жағдайын және инфекциялық аурулардың таралуын) және осылардың негізінде алдын алу шаралары мен күресу шараларын оқытатын ғылым.
Эпизоoтология ғылым ретінде жалпы және жеке-жеке ауру түрлерін қарастырушы болып бөлінеді.
Жалпы эпизоoтология эпизоотияның дамуы мен сөнуі, сонымен қатар пайда болу заңдылығы және инфекциялық ауруладан сақтандыру мен жою әдістерін оқытады.
Жеке эпизоотолгия әрбір инфекциялық ауруларды, олардың пайда болуын себебін, клиникалық, патологиялық белгілерін cипаттайды. Инфекциялық ауруладың көбі жойылған, қазіргі кезде жалпы ауруларға шаққанда оладың проценті төмен. Бірақ осы кейінгі кезде мал шаруашылығында зияны көбірек болып келеді. Олар мал басының төлінің аздығы, жанама шығындар-істелген шаралардың төлем ақысы малдарды карантинде ұстау, ауруды жою, емдеуге кеткен қаражаттар.
Эпизоотологиялық аурулар тек экономикалық шығынмен есептелмейді, ол аурулар адам денсаулығына да қауіп туғызады.
Күрделі бір биологиялық процесс, патогенді микроб - ауру қоздырғышы мен мал организмнің арасындағы белгілі бір сыртқы орта жағдайына байланыстың даму арақатынасын инфекция - деп атайды.
Организм мен микробатың айқын байланыс формасы инфекциялық ауру деп аталады. Ол қоздырғыштың әсерінен айқын патологиялық процесстің шығу жауабын организм қалпын көрсетеді. Инфекциялық процестің ағысы қоздырғыштың қасиетімен, организмнің реактивтілігімен айқындалады. Инфекциялық процесске үлкен ықпал ететінсыртқы факторлар (азықпен, күтім). Жұққан аурудың бәрін ауыру туғызады деп есептуге болмайды, себебі ол жасырын өтіп организмде өзгеріс білдірмейды. Аурудың дамуына қосымша жағдайлар болуы керек. Кейбір қоздырғыштар жыл бойы организмге өтіп клиникалық өзгеістер туғызбайды, туберкулез, паратиф микробтары.
Ол қоздырғыштың қасиетімен, вирулентілік дәрежесіне байланысты. Азықтың шіруі, ылғалдылығы, суық, шектен шыға мал күшін жұмсау. Рацион балансының дұрыс болмауы, әсіресе витаминдердің аз болуы. Ретинол витамин А антиинфекциялық. В тобының аз болуы, фагоциттердің әлсіреуне, микробқа организм қарсылығы азаяды. Пневмония, энтероколиттер аскорбин қышқылының аздығынан болады.
Микробтың патогендік әсері оранизмге биологиялық қасиеттерге байланысты патогендік дәрежесіне, реакциясына организмге енген мөлшеріне байланысты. Микроорганизмнің әсері микробтардан бөлінген токсин арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |