В. Радловл дыбысын өзге дауыссыздардан бөле-жарып жуанды-жіңішкелі айтылатын екі дыбыс деп қараған. Бұдан өзге ол қазақ тілінен екі, ‰ш дыбыстың қосындысынан тұратын дифтонг, трифтонгтарды тапқан, әрине, бұлары шындыққа келмейді. Т‰ркі тілдеріндегі екпін туралы айтқанда, көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына т‰сетінін көрсетеді. Сондай-ақ ол дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылығына да көңіл бөлген.
В.Радлов әсіресе дауыстылардың сингармонизміне айырықша назар аударады. Оның жазуында қазақ сөздері бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келеді. Осы к‰ні аралас буынды болып бытысып ж‰рген сөздердің тұрпаты оның жазуында бізге жат көрінері анық: кәдір//қадыр (кадір)‚ қажат (қажет)‚ қасыйат (қасиет)‚ қата (қате)‚ қуа (куә)‚ қуала (куәлә)‚қуалы(куәлі)‚қуалық(куәлік)‚кетер(қатер)‚кемтер(кемтар)‚көрөк(қорек)‚қ‰рмөт(құрмет)‚ к‰д‰рөт(құдірет)‚кізмет//к‰змөт(қызмет)‚мыман(мейман)‚мейрем(мейрам)‚мымандостық (меймандостық)‚қытап(кітап)‚ әкірет(ақырет) т.б.
В. Радловтіл ‰ндестігіне зор мән береді, ерін ‰ндестігі кейін пайда болған деп оның мәнін төмендетеді. Алайда оның өз жазғандарынан қазақ тілінде де ерін ‰ндестігі мықты екендігіне көз жеткізу қиын емес. Оның “Образцы народной литературы тюркских племен” дейтін көп томды еңбегінің 3-томы т‰гелдей қазақ ауыз әдебиетіне арналған. Сондай-ақ “Опыт словаря тюркских наречий” дейтін атақты сөздігінде де қазақ сөздері мол қамтылған. Бұл сөздерді барынша айтылуына жуықтатып жазғанын ескертеді. Бұдан біздің бабаларымыз еріндік дауыстыларды
тежемей, сөздің өн бойында айтқанын анық аңғарамыз. Сөздіктегі қазақ сөздерінің жазылуы мынадай болып келеді: б‰лд‰ргөн, б‰лд‰ргө, б‰рмөлө, б‰ркөнд‰р, б‰ркөнш‰к, б‰гөжөк, б‰гөжөктө, бөлт‰р‰к, бөдөнө, бөпө, бөбөш‰к, жұд‰рұқ, жұлдұздұ, жөндөнд‰р, көг‰лд‰р, ж‰рөкс‰зд‰к, көң‰лшөк, көр‰мд‰к, көргөнд‰, көз‰лд‰р‰к, көлөңкөл‰, к‰ң‰рөнд‰р, к‰лд‰рөу‰ш, төңөрөктө, тоқтаусұз, төбөлөст‰р, тұмұлдұрұқ, т‰ймөлө, т‰ймөл‰, т‰гөндө, т‰ң‰лд‰р т.б. Сондай-ақ дауыссыз у-дан кейін де қысаң езуліктер тұра алмайтынына көз жеткізуге болады: әуө, әуөс, әурө,дәукөс, дәурөн, дәулөт, кеудө, байлаулұ, байлаусұз, жауұрұндұ, жаурұншұ, жолаушұ, зауұқшұл,сәуөгөй, сәурук, сөулө, сілеус‰н т.б. Бұдан қазіргі тілдің бабалар айтуынан алшақтап кеткенін аңғару қиын емес.
А.Е. Алекторовтың “Киргизская хрестоматия” (ч. І. 1998) кітабынан орұндұқ, к‰зөндөр, с‰йөктөру, өлшөулөр‰, туйөлөр сияқты жазылған сөздерді көреміз.
“Краткий русско-киргизский словарь” (Оренбург, 1894) 66 беттен тұрады. Мұнда да еріндіктердің жазылуына назар аудардық: б‰лд‰ргөн,б‰ргө,бұйрұқ,ж‰рөк,көң‰л,мойұн,құзғұн, б‰рк‰т,өт‰р‰к,‰йрөк,дауұл,жауұн,тауұқт.б. осылай жалғаса береді. Мұнда еріндіктер көбінесе екінші буынмен шектелген. Сондай-ақ, қара бұйдай деген жазу кездеседі. Бұдан әлдеқайда толық (494 бет) сөздік “Русско-киргизский словарь” 1899 жылы Орынборда жарық көрді. Мұнда еріндік дауыстылар 3-4-буындарда кездеседі: ж‰ргөндө, ж‰рөкту, көз‰лд‰р‰к, к‰йд‰рөт‰н, өт‰р‰к, ‰йлөнд‰р, ‰лөстөс т.б. Бидай бұйдай, бійдайт‰рде жазылған.
1899 жылы Қазаннан шыққан Н.М. Пантусовтың “Материалы к изучению сартовского наречия тюркского языка” деген кітабында қазақша бір ертегі берілген. Ертегінің транскрипциясы қазақ сөзінің айтылуын аңғартады.
Қазақ тілі жөнінде XІX ғасырда жазылған елеулі еңбек академик В.В. Радловтың шәкірті ПлатонМихайловичМелиоранскийдің (1868-1906) грамматикасы деуге болады. Санкт- Петербург университетінің 4-курс студенті 1890 жылы Орынбор, Торғай далаларын аралап, қазақ тілін ‰йренеді, қазақ ауыз әдебиетін жинайды. Сол жиналған материалдың негізінде “Киргизские пословицы и загадки”, “Краткая грамматика казах-киргизского языка” деп аталатын еңбектерін жариялайды.
“Краткая грамматика казах-киргизского языка” 1894 – 1895 жылдары екі кітап болып шықты. Бұл – қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымын біршама толық баяндауға тырысқан алғашқы да соңғы орыстар жазған еңбек деуге болады.
Кітаптың кіріспесінде орыстар “қырғыз” деп ж‰рген халық өзін қазақ деп атайтынын, қазақ тілі т‰рік халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін, араб жазуы оның дыбыстық ж‰йесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сол олқылықты толтыру ‰шін орыс графикасын қолдану ыңғайлы болатынын айтады.
Еңбектің 21 беті фонетиканы баяндауға арналған. Автор қазақ тілінде 9 (а, ә, е, о, ө, у, у, ы, і)дауысты, 20 (б, п, м, т, д, п, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, д, дж) дауыссыз бар деп біледі. П.МелиоранскийдеВ.Радловтың ізімен л дыбысын (жуан-жіңішке) екеу етіп алады және дауыссыздардың қатарына дж дыбысын қосады да, д-ны анық, айтпау керек, ол батыс қазақтарының тілінде тіпті сезілмейді дегенді айтады. Ол ‰нді у дыбысын онымен қатар келетін дауыстымен біріктіріп қосарлы т‰рде (ау,еу,уа,уәт. б.) қарайды. Мұндай дыбыстардың жоқ екені бізге мектептен таныс.