Өлтірудің тәсілдері ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 80 тәсілін анықтаған. Кең тараған ең негізгі тәсілдері мыналар: асылу, суға кету, улану (у, химиялық зат немесе дәрілік препараттармен), ғимараттан, көпірден, жартастан т.б. биік жерлерден өзін тастап жіберу, қару арқылы өзін-өзі өлтіру, өзін-өзі өртеп жіберу, әдейі нәр татпай ашығу, суық қару қолдану: Сэппуку Харакири (Жапониядағы өзін-өзі қанжарлау), қылышқа құлау (Көне Римде кездескен), тамырын кесу (көп қан жоғалтып қансырап өлу), техникалық құрал қолдану, пойыздың, машинаның астына түсу, тоққа ұрыну, жүрек соғуын қамтамасыз етіп тұрған дәрігерлік аппаратты науқастың тоқтатуы және т.б.
• XVII-XVIII ғасырлардағы көне нанымдағыларда жаппай өзін-өзі өлтіру жайттары кездескен.
• 1945 жылы ешбір шартсыз тізе бүгуге қол қойылғанда жапондық харакиден жалпы саны 100 мың адам өз өмірлерін қиған.
• 1978 жылы «Ұлттық ғибадатхана» сектасының 912 адамы Джонстаунда (Гаяна) жаппай өз өмірлерін қиды.
Өмірлік проблема басты себеп емес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері мыналар: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махаббаттағы ыза, айналасындағылармен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу, қорлық-зомбылық, кемсітушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық т.б. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін әдепкі жағдай ғана.
Ислам діні өзін-өзі өлтіруді ең үлкен күнә қатарына жатқызады. Өйткені, жан – Құдайдың адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді. Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себеп – сенім болып тұр. Иманы толық адамдарда қандай да бір қайғыны жабыла көтеру, қиыншылыққа ортақтасу бар. Ал, өзімшіл адамдарда бауырмалдық пен жанашырлық атымен болмайды. Сол себепті, қиналған кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден безуден басқа жолы қалмайды. Өйткені, о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз да қызығы қашқан өмірден өліп құтыла салғанды жөн көреді.
Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен.