I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет2/2
Дата16.11.2022
өлшемі156,76 Kb.
#50717
1   2
Байланысты:
Мелс Ерсін СӨЖ

Этиленгликоль
Алу әдістері. 1. Көпатомды спирттерді біратомды спирттерге ұқсас жолдармен алуға болады. Мысалы, екіатомды спирттерді көмір- сутектердің дигалогентуындыларын гидролиздеп алады.
Глицерин
Глицерин СН2ОН — СНОН — СН2ОН — тәтті дәмі бар түссіз, қоймалжың сұйықтық. Суды жақсы сіңіретін, гигроскопиялық зат. Сумен кез келген мөлшерде араласады. Атмосфералық қысымда 290С-та қайнап, ыдырай бастайды, сондықтан оны белгілі бір қысымда айдайды. Глицеринді өнеркәсіпте пропиленнен алады. Көп мөлшерде химия және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Глицерин гигроскопиялық зат болғандықтан, теріні жұмсартатын қасиетіне байланысты парфюмерияда, былғары өнеркәсібінде пайдаланады. Сонымен қатар глицерин қопарылғыш заттар және дәрі-дәрмектер өндіруде медицинада қолданылады. Дикарбон қышқылдары және олардың туындыларымен глицеринді әрекеттестіріп, полимерлі қосылыс — полиэфир алады.

Көпатомды спирттердің құрамында екі және одан да көп гидроксил топтары болады. Маңызды өкілдері этиленгликоль СН2ОН - СН2ОН және глицерин СН2ОН - СНОН - СН2ОН. Олардың құрамында гидроксил тобы болғандықтан, қасиеттері біратомды спирттерге ұқсас. Айырмашылығы — гидроксил тобының санына байланысты. Этиленгликоль синтездік талшық алу үшін және антифриз ретінде қолданылады. Глицерин былғары өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек, қопарылғыш зат алуға, т.б. қолданылады.

Көпатомды спирттердің химиялық қасиеті


•Белсенді металлдармен әрекеттесуі: C2H4(OH)2+2Na→C2H4O2Na2+H₂

•Глицерин Cu(OH)₂ ертінідісі мен әрекеттескенде ашық көк түсті ерітінді пайда болады.Бұл көп атомды спирттерді анықтаудың сапалық реакциясы:C3H5(OH)3+Cu(OH)2→C3H5OHCuO2+2H2


•Глицерин жоғары молекулалы карбон қышқылдары мен әрекеттесіп май түзеді:C₃H₅(OH)₃+3C₁₇H₃₅COOH↔C₃H₅(COOC₁₇H₃₅)₃+H₂O


•Нитрленуі: C3H5(OH)3+ 3HNO₃↔ C₃H₅(ONO₂)₃+ 3H₂O


2.1.Көпатомды спирттің құрылысы мен физикалық қасиеттері


Көпатомды спирттердің молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан бірнеше гидроксил топтары болады.
Егер көмірсутек молекласында сутегінің екі атомы екі гидроксил тобымен алмасқан болса, екіатомды спирт түзіледі. Ондай спирттердің қарапайым өкілі этиленгкиль
CH2-CH2
OH OH
Егер көмірсутек молекуласындағы сутегінің үш атомы гидроксил тобымен алмасса, үш атомды спирт түзіледі. Үшатомды спирттің қарапайым өкілі глицерин
CH2-CH-CH2
OH OH OH
Бұдан да көп атомдардан құралған спирттер бар. Гидроксил топтары көпатомды спирттердің барлығында көміртегінің әр түрлі атомдарында орналасады. Екі гидроксил тобы көміртегінің бір атомында болатын спиртті алу қиын: ондай қосылыс тұрақсыз келетін көрінеді.
Көміртегінің бір атомында екі гидроксил тобы орналасқанда тұрақсыз болатынын бейорганикалық химияда көмірқышқылымен танысқанда кездескен болатынбыз. Бұл қышқылдың О=С ерітіндіде ғана бола алатыны белгілі; таза күйінде жеке бөліп алмақ болғанда ол көміртегі оксидіне және суға ыдырап кетеді.
Көпатомды спирттердің ең маңызды өкілдері этиленгликоль және глицерин-тәтті, суда жақсы еритін, түссіз, қоймалжың сұйықтықтар. Бұл басқа көпатомды спирттерге де тән қасиет. Этиленгликоль-улы зат.

2.2.Химиялық қасиеттері


Көпатомды спирттердің қасиеті, құрамында гидроксил тобы болғандықтан, біратомды спирттерге ұқсас. Мысалы, бұлардан натрии сутегін ығыстырып шығарады:
CH2OH CH2-ONa
+2Na- +H2
CH2OH CH2-ONa
Спирттерге галогенсутекті қышқылдармен әрекет еткенде тобының орнын басады:
CH2-OH-CH2OH+HCI-CH2OH-CH2CI+H2O
Бірақ көпатомды спирттердің өздеріне тән ерекше қасиеттері де бар.
Егер ішінде сілті ерітіндісі бар пробиркаға бірнеше тамшы тотияйын ерітіндісін құйып, түзілген мыс (ІІ) гидроксидіне глицерин қосса, ашық көк түсті мыс глицериннің мөлдір ерітіндісі түзіледі. Бұл-көпатомды спирттерге тән реакция. Көпатомды спирттер мысалында мөлшерлік өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналатынына тағы да көзіміз жетті, яғни көпатомды спирттер молекуласында гидроксил топтарының жинақталуы нәтижесінде өзара әрекеттесулер біратомды спирттермен салыстырғанда спирттерде жаңа қасиеттер пайда болады.


2.3.Алынуы және қолданылуы
Біратомды спирттер тәрізді көпатомды спирттер өздеріне сәйкес көмірсутектердің галоген туындыларынан алынады.
Ең көп қолданылатын көпатомды спирт-глицеринді майларды ыдырату арқылы, ал осы кезде мұнай өнімін крекингілеу кезінде түзілетін пропилен синтетикалық әдіспен алу барған сайын өркендей түсуде.
Этиленгликоль кейбір органикалық қосылыстарды мысалы, лавсан, талшығын дайындауға қажет полимерлерді синтездеу үшін қолданылады. Оның едәуір мөлшері антифризге қатуы қиын сұйықтық жасауға пайдаланылады.
Двигательді салқындататын су қыста мұзға айналып қататын болса, көлемінің ұлғаюы салдарынан машинаға айтарлықтай зиянын тигізетінн, сөйтіп оны пайдаланудың біраз қиындай түсетіні автомобильмен шұғылданатын адамдардың әрқайсысы-ақ біледі. Егер этиленкгликольді суда ерітсе, ондай мұз болып қату температурасы едәуір төмендейді. Мысалы, 25 пайыз этилен гликолі бар ерітінді -12 пайыз С де ал 55 пайыз этиленгикольі бар ерітінді 40 °С де ғана қатады.
Глицериннің қолданылуы көбінесе оның ылғал тартқыштығына байланысты. Медицинада глицерин қолдың терісін жұмсартуға және майлар жасау үшін, былғары өндірісінде былғарыны кептірмеуге, тоқыма өнеркәсібінде матаның созылғыштығы мен жұмсақтығын артырып, өңдеуге т.б. қолданылады. Глицерин синтетикалық смолалар және қпарғыш зат, мысалы, нитроглицерин жасау үшін қолданылады.

Қорытынды
Спирттер дегеніміз құрамында бір немесе бірнеше гидроксил тобы-ОН бар көмірсутектердің туындылары.
Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С2Н44(ОН)2, глицерин С3Н5(ОН)3, ксилит С5Н7(ОН)5, сорбит С6Н8(ОН)6, т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. А. Мұсабеков Органикалық химия негіздері 1991ж

  2. Н.Л. Глинка Общая химия изд Химия 1975г

  3. Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет