Орындаған: Мелс Ерсін
101Е-9 тобы
Тексерген:Кодекова Т.Б.
Талғар 2022 ж
Жоспары
I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1.Көпатомды спирттің құрылысы мен физикалық қасиеттері
2.2.Химиялық қасиеттері
2.3.Алынуы және қолданылуы
Қорытынды
III.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Спирттер дегеніміз құрамында бір немесе бірнеше гидроксил тобы-ОН бар көмірсутектердің туындылары.
Құрамындағы-ОН тобының санына байланысты спирттер былайша бөлінеді:
•Бір атомды спирттер
•Екі атомды
•Үш атомды
•Көп атомды спирттер, гидроксил тобы үштен көп болса.
Көмірсутек радикалының сипатына қарай спирттер:
•Қаныққан
•Қанықпаған
•Ароматты
Гидроксил тобы байланысқан көміртек атомына қарай былай бөлiнедi:
•біріншілік
•екіншілік
•үшіншілік
Номенклатура және изомериясы
Спирттерді ең ұзын көміртек тізбегі бойынша сәйкес көмірсутектің атына-ол жұрнағын жалғап атайды.Тізбекті гидроксил тобы мүмкіндігінше аз нөмірге ие болатындай етіп нөмірлейді.Қосылыста екі немесе үш гидроксил тобының болуы -диол, -триол деп белгіленеді.Көптеген спирттердің тривиалды атаулары бар.Мысалы:
СН3ОН-ағаш спирті
C2H5OH-шарап спирті
CH2-CH2–этиленгликоль
││
ОНОН
Спирттердің изомериясы екі факторға байланысты:
1.көміртек қаңқасының құрылымы;
2. -ОН тобының орны.
Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С2Н44(ОН)2, глицерин С3Н5(ОН)3, ксилит С5Н7(ОН)5, сорбит С6Н8(ОН)6, т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2.
Аталуы. Халықаралық атаулар жүйесі бойынша сәйкес қаныққан көмірсутек атына диол немесе триол жұрнағын қосып, гидроксил тобы байланысып тұрған көміртек атомының нөмірі көрсетіледі. Көпатомды спирттердің ең маңызды өкілдері – этиленгликоль және глицерин – суда жақсы еритін, түссіз, тәтті дәмі бар, қоймалжың сұйықтықтар.Бұл қасиеттер басқа көпатомды спирттерге де тән.