I кіріспе II негізгі бөлім



бет4/4
Дата02.06.2023
өлшемі34,29 Kb.
#98166
1   2   3   4
ҚОРЫТЫНДЫ
Жергілікті ерекшеліктерді зерттеуші диалектолог ғалымдар қазақтың көрнекті жазушыларының шығармаларында, автор сөзінің өзінде бірсыпыра кәсіби сөздер мен диалектизмдердің орын алғандығын айтады. Мысалы, Ә.Нұрпейісовтің, Ә.Сәрсенбаевтың прозалық шығармаларында Арал, Каспий балықшыларының тіліне тән бірқатар кәсіби атаулардың мағыналары сілтемеде көрсетіліп, орынды қолданылғандығын Шора Сарыбаев атайды. Зерттеуші сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің тілінде тек кейіпкерлер емес, авторлық баяндауларында да жергілікті сөздердің біршама кездесетіндігін көрсетеді.
Сондай-ақ Дүкенбай Досжановтың шығармаларында өзге өлке тұрғындарына түсініксіз, жалпы қазақ әдеби тіл нормасында жоқ сөздердің жиі қолданылатындығын көркем әдебиет тілін қадағалап келген Ғабит Мүсірепов атап көрсеткенін білеміз (1984 жылы өткен «Бүгінгі қазақ прозасының тілі» атты конференцияда жасаған баяндамасында). Тіл маманы – Байынқол Қалиев те Д.Досжановтың 1966 жылы шыққан «Жусан мен гүлдер» атты кітабынан55 бастап, 1980 жылға «Табалдырығыңа табын» деген сияқты көлемді-көлемді 9 кітабынан 400-ге тарта әдеби нормаға кірмейтін сөзді жинап алып, оларды топ-топқа бөліп әңгіме етеді. Зерттеуші Зерттеуші олардың диалектологиялық сөздіктерге кірмегендерін контексімен алып көрсетіп, беретін мағыналарын (жақша ішінде тырнақшамен көрсетілгендер) шамалайды. Мүмкін, бұл 400 сөздің ішінде бірен-сараны диалектизм болмай, көне сөз немесе жасанды тұлға болуы, бірақ қайткенде де жазушымен жерлес, өңірлес емес оқырман Дүкенбай шығармаларының кей тұстарын қиналып оқитындықтары, бейтаныс сөздерге бола сөйлем мағынасын тап басып, тани алмайтындықтары айтылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Кіт: Шығармалары. Алматы, 1989.

  2. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, Қазақпарат, 2000.

  3. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004.

  4. Введение в литературоведение. Литературное произведение: основные термины и понятия. Под ред. Чернец Л.В. М.: Академия, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет