Пішіні призма тәрізді,цитоплазмасы базофильді боялған, құрамында жасуша органелларынан кератинді тонофиламенттері мен меланин пигменті болатын жасуша. Базальді қабаттың құрамында бағаналы жасуша дифферонына жатады,тез бөлінуге қабілеті бар және де митоздық жолмен бөлінеді. Осыған орай эпидермистің бұл қабаты регенерациялық қызмет атқаратын физиологиялық жаңару қабаты болып саналады.