Тері - ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Ересек адамда көлемі 1.6-2 кв.м тең. Дененіің табиғи тесіктері аймағында тері шырышты қабыққа ауысады.Терінің бетінде көптеген жүлгелер болады. Солар арқылы терінің үстіңгі қабаты үшбұрыш,ромб тәрізді алаңдарға бөлінеді. Бұл жүлгелер алақанда, саусақтарда, табанда анық байқалады және әрбір адамда өздеріне тән, өзгеше болады.