I мыңжылдықта Евразия аймағында этникалық өзгерістер жүріп, түркі тілдес тайпалар басым бола бастайды. Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан белгілі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі64,22 Kb.
#43959
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Тарих 2

2 –лекция 2.1. Tүрік және Батыс Tүрік қағанаттары

I мыңжылдықта Евразия аймағында этникалық өзгерістер жүріп, түркі тілдес тайпалар басым бола бастайды. Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан белгілі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған.

VI ғасырда «түрік» атауы кең тарала бастады. Олар Алтай аймағында қалыптасқан тайпалар одағы болған еді. Қытайлықтар түріктерді «туцзюе» немесе «тукю», соғдылар - «түркі», «түркіт», ал византиялықтар, арабтар мен парсылар - «тюрк» деп атаған. Орыс деректерінде түрік тайпалары «торки -тюрки» деп аталған. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде түрік сөзі «дулыға» деген мағынаны білдіреді. деп жазады. [60, 8-б.] Түріктердің тайпалық одағы - Түрік Елі Алтайда қалыптасты. Түрік Елі деген ұғым Түрік қағанаты құрылғанға дейін қолданылды. Дегенмен, бұлай атау қағанат тұсында да орын алған. Белгілі түркітанушы, Санкт- Петербург Мемлекеттік университетінің профессоры С. Г. Кляшторный: «егер Түрік мемлекетінің құрылу уақытын оның халықаралық аренада танылған уақытымен есептейтін болсақ, 548 жылды түркі мемлекеттілігінің басы деп айтуға болады» деген тұжырым жасайды. Ежелгі түркі тілдес тайпалардың негізгі топтары түріктік этнотектің қалыптасуының бастапқы кезеңінде пайда болып, олар өздерінің тарихи сабақтастығын сақтап қалды. Бұларға Орталық Азиядан Алтайға қоныс аударған түркілер, сондай-ақ енисей қырғыздары, қыпшақ тобы, теле немесе оғыздар жатады.

VI ғасыр - Түрік империяларының Еуразия кеңістігінде үстемдік етуі барысында жалпы түркілік мәдени ортақ белгілерімен қатар, өзіндік ерекшеліктері де қалыптасты. Бұлан тайпалар ішіндегі билеуші және бағынушы топтар болып жіктелуі еді. Біріктіруші күштер тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың басын қосу арқылы бір орталыққа біріккен мемлекет құруға әрекет жасаса, дербестікке ұмтылушы күштер алтай түркілері, қыпшақтар, қырғыздар, оғыздар сияқты этникалық топтардың тәуелсіздігін қалыптастыруға тырысты.

2 бет

  • Алғашқы түркі мемлекеті - Түрік қағанаты ( 551-603 ) 551 жылы Алтай түркілерінің көсемі Бумын қаған дәрежесін алған кезде тарих сахнасына шықты. Түрік қағанаты нығайған тұста шығыста Корей түбегінен бастап батыста Қырым түбегіне дейін, солтүстікте Енисей бастауынан оңтүстікте Амудария өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр аумақты алып жатты. Бумынды Қара қаған ауыстырды ( 552-553 ). Бұл билеушілерден кейін Мұқан қаған ( 553-572 ), Таспар қаған ( 572-581 ) билік жүргізді.
  • Түрік қағанаты Орталық Азияда Мұқан қаған тұсында үстемдік құрды. Ол сол тарихи кезеңдегі Иран мен Византия сияқты аса ірі мемлекеттерімен тең дәрежедегі байланыстар орнатты. Қытай да Түрік қағанатына алым салық төлеп тұрды.
  • 561-563 жылдары Мұқан қаған Иранмен эфталиттерге қарсы әскери-саяси одақ құрады. Бұл одақтың нәтижесінде эфталиттер талқандалып, Түрік қағанаты Орта Азияға үстемдік етуге қол жеткізді. Бұндай нәтижелі саяси қадамнан кейін Түрік қағанаты енді Византиямен Иранға қарсы одақ жасаған. Түрік қағанаты үшін бұл одақта табысты болып, оларға парсылар алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Сыртқы саясатты белсенді жүргізген түріктер Керчь бұғазына дейін жетіп, Қырым түбегін де басып алады.
  • Орта ғасырларда ұлан-ғайыр аймақтар мен халықтарға үстемдік еткен төрт «әлем патшалығы» туралы тұжырымдаманың қалыптасуы кездейсоқ емес. Оларға: оңтүстіктегі «пілдер патшалығы» - Үндістан, батыстағы «асыл тастар патшалығы» - Византия, солтүстіктегі «жылқы патшалығы» - Түрік қағанаты, шығыстағы «адамдар патшылығы» - Қытай елі жатады. [10, 24-б.]. Сөйтіп, түркі тілдес тайпалар бір көсемнің билігін мойындап, бір ру мен бір әулеттің қоластына бірігіп, нығайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет