«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының сыртқы жағдайлармен байланысы



бет30/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
24. Адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының сыртқы жағдайлармен байланысы.
Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді – кездесулер; ойын-сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс-әрекетінің егжей - тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, қандай-да бір қылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, айғай – шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін ”хипперлер”, “металистер”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз қылықтары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тәртібі, мінез-құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын. Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын
Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым-қатнаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Құрбы-құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антиқоғамдық тәрбиесімен құрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында қылмыстық іс-әректке даярлану басталады. Жеткіншектерге құрбы – құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.
Әсер етуші келесі фактор – тұрғылықты специфика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың заңды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет