22. Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды кезеңдері. 1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.
3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету.
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар болғанда мүмкін болады:
– қоғамдық бірлестіктің еріктілігі;
– ақпаратқа қол жетімділік;
– тәуелсіз БАҚ;
– мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы.
23. Адамның қылмыстық мінез-құлқының биологиялық себептері. Қылмыстардың көбі сыртқы себеп бойынша жасалады. Бірақ, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірақ, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтындығын білдіреді
Биологиялық фактордың қылмыс жасауға қандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаған орта факторымен гентикалық факторды қоса көрсетеді
Заң бұзушы адамның анатомия-жүйелік жүйенің бұзылысы заң қызметкерлеріне қарағанда ақырын қалпына келеді. Сондықтан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды
Н. Ф. Кудряцева, В. Е. Эминова еңбектерінде бұл себеп, біз білетіндей әрбір адамда өзіне тән темпераменті болады. Сондықтан да бұл кейбір жағдайда тұқым қуалаушылық фактор және де бала туа сала жаман тәрбиеге жақын болуы мүмкін. Егер бұны ата-анасы қалай жеңуді білмесе, жөндемесе, жасөспірімдік кезеңде әртүрлі психикалық бұзылыстарға ұшырауы мүмкін
Шеппард көзқарасы бойынша органикалық себептер әр қылмыскердің 25% құрайды. Мысалы, ол 10-15 жасар қыз бала туралы айтады. Ол инсулиннің жетіспеушілігінен зардап шеккен, яғни қанының құрамында қанттың мөлшері өте аз болған. Жасөспірім құбылмалы көңіл күйімен, импульсивтілігімен, агрессивтілігімен ерекшеленген. Дұрыс емделу мен диета толық емделуге мүмкіндік берді. Ол басқа да адамдар туралы әңгімелеген. Мысалы, заң бұзушылар кереңдікмен, көзі дұрыс көрмеушіліктен зардап шеккендер. Органикалық себептер сонымен қатар босануға дейінгі және кейінгі асқынулардан болуы мүмкін
Зерттеу сауалнама, сұхбат, салыстырмалы талдаулар сияқты тәсілдерді қолданды. Бұл зерттеулердің статистикалық мәнділіктеріне сүйенсек Қазақстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5 ұрлықты наркотикалық зат әсерінен істеген. Барлық ұрлықты 2/3 топталып жасалған. Барлық тартылған жас қылмыстың 30,6% бір рет ұрлық жасап жауапқа тартылса, қалғандары, яғни 1/3-і бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, жазаларын өтеп үлгергендер болып келеді. Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлық жасалса, оның 17% жасөспірімдер. Ал, үш айда он ұрлық жасалса, оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден тұратын қылмыстық топтардың көбеюі барлық Дүние жүзі адамдарын алаңдатуда. Ақпараттар жүйесінде біз жиі-жиі қатаңдықпен жасөспірімдер топтарының адамды өлтіруі туралы оқимыз
Х. С. Жадбаев бойынша бұл топтардың өкілдері болып 16-17 жасар ұл балалалар саналады. Бұл балалалардың осы топтарға енуіне бірнеше себептері бар. Мысалы, жолдастарына деген еліктеушілік, қорғаныш іздеумен, гереосексуалды және ерекше сезімдерді сезіну мақсатында. Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі – жанұядағы түсініспеушілік мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешқашан қолы бармайтын қылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр