Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет9/11
Дата20.01.2023
өлшемі80,13 Kb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әкімшілік жауаптылық


Жеке адам (ақыл-есі дұрыс және он алты жасқа жеткен) немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға жауаптылыққа тартылады.
48. Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері
Азаматтар әкімшілік құқықтың жиі кездесетін субъектілерінің бірі болып табылады. Теориялық тұрғыдан қарастыратын болсақ “Азамат” деген сөз белгілі бір адамның нақты бір мемлекетке жататынын білдіреді, яғни конституциялық құқықтың зерттеу пәніне кіретін мемлекет пен адам арасындағы қатынастарды тудырады. Сонымен қатар, азамат деп белгілі бір салада нақты құқықтарға иеленген жеке тұлғаны айтамыз.
Жеке тұлғаның әкімшілік-құқықтық мәртебесін азаматтың мәртебесі деп атау заң әдебиетінде кең таралып кеткен. Конституцияға сәйкес ҚР-да азаматтардың мынадай түрлері бар, ол: ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Олай көрсетудің себебі, белгілі бір әкімшілік-құқықтық қатынастарда олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қызметке кіруге тек ҚР-ның азаматтары ғана құқылы. Алайда, ҚР-ның Конституциясының 1-ші бабына сәйкес ҚР-да адамның өмірі, декнсаулығы, бостандығы, құқықтары мен заңды мүдделері ең қымбат қазна болып табылады. Демек, ҚР-да барлық адамдар заң бойынша теңдей қорғалады.
Азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсу үшін әкімшілік құқықсубъектілікке ие болу қажет. Әкімшілік құқықсубъектілік азаматтардың әкімшілік құқыққабілеттілік, әрекетқабілеттілік және деликтқабілеттілігінің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілік құқыққабілеттілік дегеніміз әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі. Ішінара ол туылған кезден бастап туындайды (ат алу, дәрігерлік көмек алу және т.б. құқықтар).
49. Әкімшілік құқықтық қатынас
Әкімшілік-құқықтық катынастар — бұл әкімшілік құқык нормаларымен реттелінген басқарушылык коғамдык қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құкыктык нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен кұкықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құкықтык катынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылык пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құкыктың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық кызметтен ту-ыңдайтын ерекшеліктері бар.
Бұл құқыктық катынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік баскару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одактар т.с.с.); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі баскару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-кұқыктық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әркашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-кимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.
50. Қылмыстық жаза жүйесі және түрлері
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
51. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары
Отбасы құқығында алимент ұғымында заңда көрсетілген жағдайда отбасының бір мүшесі екінші бір мүшесінің пайдасына төлеуге міндетті, оның тұрмыс тіршілгіне қажетті ақшаны айтады. Алименттік міндеттеменің негізі болып отбасы қатынастары табылады, ал олардың мақсаттары – заңда тізімі көрсетілген еңбекке қабілетсіз және отбасы мүшелерінің көмегіне мұқтаж жандарды қамтамсыз ету.
Отбасы заңнамаларына сай алимент сот шешімі бойынша немесе жақтардың келісімі бойынша төленеді. Егер жақтардың келісімі болса, онда олардың төленуін сот тәртібінде қарауға жол берілмейді. Алимент – бұл асыраудың әр түрлілігі, бірақ бұл асырау белгілі тұлғаға сот шешімі немесе жақтардың келісімі бойынша төленеді.
Заң әдебиеттерінде алименттік міндеттеме деген отбасының бір мүшесінің басқа мүшесін қамтамсыз етуге міндетті, ал соңғы субъект одан мұны талап ете алатын отбасы құқықтық қатынастар. Алименттік міндеттемелер заңда көрсетілген заңдық фактілер:
- Субъектілер арасында отбасылық болғанда;
- Заңда немесе жақтардың келісімінде көрсетілген алимент төлеудің қажетті жағдайларының болуы;
- Жақтардың келісімі немесе соттың алимент бөлеу бойынша шешімі болуы негізінде пайда болады.
Кәмілетке толмаған балаларын асырау бойынша ата-анасының міндеттері: Заң ата-анаға жасы өзінің кәмілетке толмаған, яғни әдетте отбасы заңнамаларында бекітілген және ешбір күмән келтірусіз жасы 18-ге толмаған балаларын міндеттейді. Бұл міндет деген сөз ата-ана баласының тамаққа, киім кешекке, дем алуына, емделуіне және тағы басқа қажеттіліктерін ереже ретінде өз еркімен және ешқандай мәжбүрлеусіз қамтамасыз ету керек. Кәмілетке толмаған балаларын асыраудың тәртібі мен нысанын ата-ана өзі белгілейді. Осылай ата-ана өздерінің кәмілетке толмаған балаларын асырау туралы келісім жасауға құқылы. Мұндай келісім жасаудың қажеттілігі әртүрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
- Ата-ананың некені бұзуы;
- Баланың ата-анасының біреуінің қолында тұруы;
- Баланы әкесінің асырауы туралы сұрақты шешумен қатар ерікті әкелікті тануы;
- Баланың үнемі туысқандарының үйінде тұруы және т.б.
Балаларға алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда және нотариуспен бекітілуі керек, қарсы жағдайда ол жарамсыз болып табылады.
Кәмілетке толмаған балаларына қатысты алименттік міндеттемелер мына негізде болады:
- Бала мен ата-ананың арасында ақаж бөлімі куәландырылған туыстық қатынастың болуы;
- Кәмілетке толмаған балалар. Кәмілетке толмаған балалар еңбекке қабілетсіз деп танылған, сондықтан олардың жұмыс істеу немесе істемеуі маңызды емес. Бірақ кәмілетке толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелері бала кәмілетке толиай тұрып, толық азаматтық әрекет қабілеттікке ие болса тоқтатылады;
52. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жолдары
Азаматтық құқықтық нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндетгемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатьны тағы щындық. Осыған байланысты заң мівдеттемені орьщдауды қамтамасыз ету үшін өдістер деп аталатъш арнайы шараларды көздейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуга багытталатын, жалпыга бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талапгарына сәйкес, ондай әдістерге: айьш төлету, кепіл, борышқордың мүлігін альш қалу аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.
Қамтамасыз ету әдісерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады.Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орьщдамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып телеу, кепілпұл) көрінеді.
Екінші топтағы әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады.Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес,үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтидыТөртінші топтағы әдісбіздің заңымызда бұрын соңды болып көрмеген әдіс борышқордың мүлкін ұстап қалу яғни заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша борышқордың затын өзін өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.
53. Конституцияның заңдық қасиеттері
Құқықтанушылар Конституцияның негізгі заң ретіндегі ерекше белглерін анықтай келіп мынаған тоқталады. Жоғарыда атап көрсетілгеніндей тек Конституцияда ғана мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі қағидалалары, Қазақстан Республикасының біртұтас демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құрылғаннын, мемлекеттік билгінің заңды түрде нақтыланғандығы белгіленеді.
54. Құқық нормасы түсінігі және құрылымы
Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.
Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән. Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:
1. жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті.
2. формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады.
3. мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі.
4. ұсынушы және міндеттеуші – адамдардың мүмкін не міндетті мінез – құлқын мемлекеттік үстем ережелері.
5. микрожүйелігі – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.
Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді. Заңи норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.
Құқықтық норманың құрылымы:
1. гипотезадан;
2. диспозициядан;
3. санкциядан тұрады.
1. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.
2. Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).
3. Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі.
Олар жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.
55. ҚР еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттейді.
Еңбек құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың шеңбері кең және неғұрлым күрделі.
Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің өз еңбек қызметін іске асыру кезінде пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі жұмыс, яғни азаматтың еңбекке деген мүмкіндігін іске асырудан басталады
Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:
-қарым қатынастар ішкі еңбек қатынасы жағдайында жұмыскерді белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;
-жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына енгізіледі;
-еңбек қатынастары – жұмыскерді жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;
-еңбек қатынасының мазұмыны жұмыскердің қатаң түрде белгіленген, кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға негізделген жұмысты атқаруымен байланысты.
Еңбек құқының пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа қатынас шеңберіне еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;
-ұйымдастыру-басқару қатынасы;
-жұмысқа алу бойынша қатынастар;
-жұмыс барысындағы кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру қатынастары;
-еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;
-еңбек заңдылығын сақтау мен оны бақылауға байланысты қатынастар.
56. Құқықбұзушылық түсінігі және оның құрамы
Құқық , құқық бұзушылық термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат заң мен жеке құқықты ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі. Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл – терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, құқық, немесе норма деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз құқық бұзушылық, немесе қылмыс деп те, атаймыз.
Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.
Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т.б. қ.б.), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.
Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді.
57. Ерлі-зайыптылардың құқытары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
58. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері
Қорғау құқығы құқыққа өкілетті тұлғаға мүмкіндіктің үш тобын
Азаматтық құқықтарды қорғау арнайы қарастырылған заңнамалық актілер жағдайында
Қорғау әрекеттерінің басқаларымен салыстыру бойынша – бұл қорғау
Құқыққа өкілетті субъект басқа тараптардың заңды мүдделері мен
Азаматтық құқықты өзіндік қорғау тәсілдерінің бірі қажетті қорғану
Өзін -өзі қорғау шараларын аса қажеттілік жағдайында қолдану
Жедел ықпал ету шаралары – бұл мемлекеттік құзыретті
Азаматтық заңнамаларда қолданыстар ережелерде жедел ықпал ету шараларына
Жедел ықпал ету шаралары нақты емес заңды сипатта
Азаматтық заңнамалардың қолданыстағы ережелерімен мынадай жолдарда құқық бұзушыға
Егер заңнамалық актілер немесе шартпен өзгедей көзделмесе, қолданыстағы
Заңнамаға сай кәсіпкерлік түсінігі мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықтың жүргізу
Мемлекеттік қауіпсіздік мақсатында, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған
Субьективті азаматтық құқықтарды қорғау әдістері ретінде заңмен бекітілген
Көптеген әдебиеттерде бұзылған құқықтар мен игіліктерді (жеке мүліктік
Ал Азаматтық Кодекстің 47-тараудың 4-параграфында-моральдық зиянды өтеу (возмещение
Алайда Азаматтық Кодексте бұл екі термин арасында қайсыбір
Азамат пен заңды тұлғаның ар-намысы, қадір – қасиеті
1) кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы
2) кір келтіретін мағлұматтарды, егер олар бұқара ақпарат
3) бұқара ақпарат құралдарында азаматтың немесе заңды тұлғаның
4) мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, мұндай құжат
5) кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың
Демек, заң шығаруцшы осындай жеке мүліктік емес құқықтардың
ҚР Жоғары Сотының №3 Нормативтік Қаулысының 2-бөлігінде азаматтардың
1. Мүліктік емес игіліктер мен өзіндік құқықтар бұзылғанға
2. Мүліктік емес игіліктері мен өзіндік құқықтардың бұзылуының
3. Моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 682-бабында: «моральдық
келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрау;
ақшалай өтемақы туралы талап-арыз қою;
бұқара ақпарат құралдарында жарияланған кір келтіретін мәліметтерді жалған
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган
Сонда бұл – «моральдық зиянның орнын толтыру»
Жоғарыда келтірілгендерді сараптай келе, төмендегідей тұжырымдар мен сұрақтарды
моральдық зиянның табиғатын қарастырған кезде, жалпы зиян деп
заңнаманы шолып, жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау
заңнамада қолданылатын моральдық зиянның орнын толтыру (өтемін төлету).
59. ҚР қылмыстық құқығы
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
60. Ұжымдық еңбек шарттары
Осы заң ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасасу және орындаудың жалпы құқықтық әрі ұйымдық негіздерін анықтайды.
1-бап. Ұжымдық шарт
Ұжымдық шарт тараптардың - кәсіпорын иесінің (жұмыс берушінің, кәсіпкердің) және еңбек ұжымының мүдделерін келістіру құралы қызметін атқарады, қолданылып жүрген заңдар негізінде жасалады әрі бір жағынан - еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемесін, екінші жағынан - меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының міндеттемесін қамтиды.
2-бап. Ұжымдық шартты әзірлеу, жасасу және орындау принциптері
Ұжымдық шарт:
тараптардың әлеуметтік серіктестігі, өзара сенімі мен құрметі, құқықытары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;
шарт қағидаларын әзірлеуге еңбек ұжымы мүшелерінің кеңінен қатысуы;
шарт қағидаларын әзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;
тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық, өндірістік және қаржылай қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін ескеру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;
шартқа енгізілген міндеттемелердің орындалуы үшін тараптардың бақылау жасауы және жауапкершілігі принциптері негізге алына отырып жасалады.
3-бап. Ұжымдық шарттың тараптары және олардың өкілдері
Мемлекеттік кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.
Мемлекеттік емес кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік емес кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын иесі немесе ол өзінің өкілі болуға уәкілдік берген кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.
Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас не кәсіподақ немесе өзі уәкілдік берген өзге де орган кейпінде қатыса алады. Кәсіпорындарда бірнеше кәсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы мәселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында) шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет