Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет6/11
Дата20.01.2023
өлшемі80,13 Kb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Азаматтылық - әлеуметтік-саяси ғылымда отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизммен, жетілген саяси санамен сипатталатын субектілердің нақтылы моральдық-өнегелік, психологиялық, әлеуметтік-саяси сапаларының жиынтығы; адамның мінез-құлқы мен санасында өз Отанының және қоғамның шынайы гүлденуіне ықпалы бар жоғары моральдық сапалардың болуы. "Азаматтылық" ұғымының мәні әртүрлі:
· өзін азамат ретінде сезіне білу және іс-әрекетке бара білу мүмкіндігі;
· саяси қауымдастықтың ісіне белсенді әрі саналы түрде қатысу;
· адамдар қауымдастығының толыққанды, еркін қатысуының жоғарғы ізгілігі;
· саяси қауымдастық мүдделеріне қызмет ету, осы мүдделер жолында жанын құрбандыққа шалу.
· Азаматтылық - біз үшін мемлекетке формальды түрде қатысты болу ғана емес, сондай-ақ жауапкершілік және міндеттілік сезімдерімен байланысты екендігін айта кету маңызды. Азаматтық ұстанымынның өзгеруі үрдісінде, азаматтар санасында азамат рөлін түсінуге нормативтік үйлесім басымдылық танытады. Оның басты қасиеті – заңдарды орындауы, сақтауы, мемлекетке көмектесуге дайындығы, экстремизмге қарсы тұру құрамының ұйытқысы болуы қажет.
22. Жанұя заңдылығына сәйкес неке түсінігі
Неке-ерлі – зайытылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Неке – отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
Неке – отбасы құқықтары заңмен қоғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралыөтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғанышылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
23. Мемлекеттік қаржы қызметі
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында бөлінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға "
Мемлекеттің іс - қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттерін
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”
- мемлекет кірістерінің көздеріне”
- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына
- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады”
24. Жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесі
ҚР тұлғаның құқықтық мәртебесі
Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды.
Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады. Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.
ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.
Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы. .
ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.
25. Құқық қорғау қызметі
Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі
1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңмен көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар көзделген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері
1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;
2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;
3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;
4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.
26. Жеке еңбек шарты
Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.
Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.
Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет