«Экология» пәні бойынша емтихан сұрақтары Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі.
Экологиялық факторлар- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;
1. Оларды сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) деп бөледі. Сыртқы факторлар күн радиациясы, атмосфералық қысым, ауаның температура және ылғалдылығы, жел, су ағысының жылдамдығы болып табылады. Ішкі факторларға популяциялардың саны, тығыздығы және құрылымы, қорек және оның қол жетерлігі, экожүйелік айналымға қатысатын заттардың шоғырлануы болып табылады.
2. Экологиялық факторларды сондай-ақ императивті (тіршілік ету шарттары – қорек, су, жылу, жарық, оттегі, оларсыз организмнің тіршілік етуі және дамуы мүмкін емес) және әсер етуфакторлары (тұрақсыз әсер етеді, бірақ тіршілік әрекетінің әр түрлі байқалуына және организмдердің таралуына әсер етеді, – мысалы, күн мен түннің периодтылығы) деп бөледі.
3. Экологиялық факторларды абиотикалық (органикалық емес, тірі емес табиғат факторлары) және биотикалық (тірі табиғат факторлары) деп бөледі. Абиотикалық факторлартемпература, ылғалдылық, күннің жарығы, қысым және басқа климаттық және геофизикалық факторлар; ортаның өзінің табиғаты – ауа, су, топырақ (эдафиялық факторлар); ортаның химиялық құрамы; радиацияны иондайтын және өткізетін физикалық өрістер (гравитациялық, магниттік, электрмагниттік), табиғаттағы тәуліктік және маусымдық өзгерістер болып табылады.
Қазіргі заманның жаһандық экологиялық мәселелері.
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.