Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет2/11
Дата20.01.2023
өлшемі80,13 Kb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Антикор жауаптары (копия)

Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі
Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.
8. Құқықтың қайнар көздер түсінігі және түрлері
Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындала- ды. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.
Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан шығатындығымен ерекшеленеді; құқық нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.
Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздерінен құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың қайнар көздері әрқашан құқықтың нысан түрінде институтталған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқық қабылдау) іс- әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді. Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр – мемлекет рұқсат берген дәстүр; 2) заңдық прецедент - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді. Сондай-ақ, құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері былай көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт (соның ішінде әкімшілік), сот практикасын байыту, ғылыми құқықтық доктрина.
Құқықтың ең алғашқы қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы құқықтық дәстүрдеп ат\ды. Дәстүр мемлекет пайда болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі, дәстүр мемлекеттің қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.
Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі докторинадеп аталады. Докторина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мыс, діни докторинаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ Ислам дінінде Құранның, Шариғаттың көмегімен кейбір отбасы –некелік, мүліктік ж\е де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда Шариғаттық докторинаға негізделіп қабылданған шешім заң деп есептелген.
Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық өске өнеге болатын құқықтық үлгіде жатады. Құқықтың үлгінің соттықж\е әкімшіліксияқты екі түрі болады.
Барынша көп тараған құқықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың жалпы міндетті ережесі, мем\ң органдары жасаған не бекіткен ресми іс-құжаттардың жиынтығы нормативтік құқықтық актілерболып есептеледі.
9. Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері
Азаматтық құқық қатынастары бұл - мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субьектілерідеп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне:
-азаматтар;
- заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөоіністер жатады.
Аталған суб\ң азаматтық құқ\қ қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е аз\қ әрекет қаб\не ие бола алуы болып табылады.
10. Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).
ҚР –ң әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін ҚР 2001ж\ғы қаңтардың 30 жұлдызында қабылдаған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі ж\е басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:
- ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
- заңды тұлға;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет