ҚҰҚЫҚ негіздері


Əлеуметтік əріптестік институтының түсінігі, мəселелері мен қағидалары



Pdf көрінісі
бет141/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   389
Əлеуметтік əріптестік институтының түсінігі, мəселелері мен қағидалары. 

Əлеуметтік-əріптестік  институты – еңбек  құқығының  арнайы  институты. 

Қатысушылары: 

- мемлекет; 

- жұмыс берушілер; 

- қызметкерлер. 

Əлеуметтік  əріптестік  институтының  пəні – ол  мүдделі  тұлғалардың 

қатысуымен  мемлекеттің,  аумақтың,  өндірістік  саланың  мүмкіндігін  ескеріп, 

қолданыстағы    заңнама  негізінде  бірлесе  отырып,  əлеуметтік-экономикалық 

мəселелерді шешу. 

Реттеу нысаны: 

- республикалық  деңгейде – бас келісім; 

- аумақтық деңгейде – тарифтік келісім; 

- салалық деңгейде – салалық- тарифтік келісім. 

 

Принциптері: 



- тараптар өкілдерінің өкілеттілігі; 

- тараптардың тең құқықтылығы; 

- талқыланатын мəселелерді таңдау еркіндігі; 

- міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 

- тараптар мүдделерін құрметтеу; 

- ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі; 

-  келісім  бойынша  қабылданған  міндеттемелерді  өз  кінəсі  бойынша 

орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы; 

- əлеуметтік əріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекетттің жəрдемдесуі; 

- қабылданатын шешімдердің жариялылығы. 

 

Еңбек құқық қатынасы саласындағы əлеуметтік-əріптестік. 



ҚР-дағы əлеуметтік-əріптестік: 

-  əлеуметтік,  еңбек  ж\е  олармен  б-ты  экономикалық  қатынастарды 

реттеудің тиімді тетігін жасау; 



191 

 

-  қоғамның  барлық  жіктерінің  мүдделерін  объективті  ескеру  негізінде 



əлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жəрдемдесу; 

- ұжымдық еңбек дауларын шешуге жəрдемдесу; 

-  əлеуметтік  еңбек  қатынастары  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске 

асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау; 

-  қызметкерлердің  еңбек  саласындағы  құқықтарының  кепілдіктерін 

қамтамасыз етуге жəрдемдесу, оларды əлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; 

-  барлық  деңгейдегі  əлеуметтік-əріптестік  тараптары  арасындағы  кеңестер 

мен келіссөздер процесіне жəрдемдесу міндеттерін шешуге бағытталған. 

Əлеуметтік-əріптестік органдары: 

-  республикалық  деңгейде - əлеуметтік-əріптестік  пен  əлеуметтік  жəне 

еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық  үшжақты комиссия; 

-  салалық  деңгейде – əлеуметтік-əріптестік  пен  əлеуметтік  ж\е  еңбек 

қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия; 

-  өңірлік  (облыстық,  қалалық,  аудандық)  деңгейде - əлеуметтік-əріптестік 

пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, 

аудандық комиссиялар; 

-  ұйымдар  деңгейінде – қызметкерлердің  өкілдері  мен  жұмыс  берушінің 

арасында  еңбек  саласындағы  өзара  нақты  міндеттемелерді  белгілейтін 

келісімдер  ж\е  ұжымдық  шарттар  нысанында  қамтамасыз  етіледі,  ал  шет  ел 

қатысатын  ұйымдарда  оны  ҚР  резиденттері  халықаралық  шарттардың 

(келісімдердің) ж\е ҚР заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет