ҚҰҚЫҚ негіздері


Қызметкердің  теріс  қылықтары  үшін  еңбек  шартын  бұзу  жəне  тəрбиелеу



Pdf көрінісі
бет160/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Қызметкердің  теріс  қылықтары  үшін  еңбек  шартын  бұзу  жəне  тəрбиелеу 

шараларын  өткізу;  қызметкерлер  еңбекке  уақытша  қабілетсіздігі 

салдарынан ұзақ уақыт бойы жұмысқа шықпаған жағдайда еңбек шартын 

бұзу. 

   Қызметкердің  теріс  қылық  жасағаны  үшін  Еңбек  Кодексі  белгіленген 

жағдайларда  еңбек  шартын  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  бұзу 

түріндегі  тəртіптік  жаза  қолдануға  құқылы.  Тəртіптік  жаза  ретінде  ескерту, 

сөгіс,  қатаң  сөгіс  қарастырылады.  Егер  ауру  ҚР  Үкіметі  бекіткен  еңбекке 

қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген 

жағдайларды  қоспағанда,  қызметкерлер  еңбекке  уақытша  қабілетсіздігі 

салдарынан  екі  айдан  астам  уақыт  жұмысқа  шықпаған  жағдайларда  бұзылуы 

мүмкін.  Егер  бұл  қызметкердің  жұмыста  болмауы  өндірістің  мүдделерін 

бұзбаса,  жұмыс  беруші  қызметкердің  лауазымын  белгіленген 2 айдан  астам 

мерзімге  дейін  сақтауға  немесе  оған  осы  ұйымда  басқа  жұмысты  ұсынуға 

құқылы.  Жұмыс  беруші  қызметкерді  бұл  негіз  бойынша  қызметінен  ол 

жазылып, жұмысқа шыққан кезде емес, тек ол аурып жатқан кезде ғана босата 

алады.  егер  қызметкер  жазылып,  жұмысқа  ауырғанынан  бері 2 ай  өтпестен 

бұрын  шықса,  жұмыстан  бұл  негіз  бойынша  босату  құқыққа  қайшы  болып 

табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет