ҚҰҚЫҚ негіздері


 Əкімшілік-құқықтық режимдер



Pdf көрінісі
бет211/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   389
10.9 Əкімшілік-құқықтық режимдер 

            Əкімшілік-құқықтық  режимдер  бұл  құқықтық  режимдердің  ерекше  түрі 

болып табылады. Олар қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жəне қолдаудың белгілі 

бір жағдайларында субъектілердің жұмыс істеуінің белгілі бір тəртібін көрсетеді. 

   

Əкімшілік-құқықтық  режим  мемлекеттік  басқару  аясында  кең  тараған. 



Əкімшілік-құқықтық  режимдер  институтының  өзіне  тəн  ерекшелігі  болып 

тұлғалардың,  қоғамның  жəне  мемлекеттің  өмірлік  маңызды  мүдделеріне    ішкі 

жəне  сыртқы  қауіп-қатердің  болуында.  Əкімшілік-құқықтық  режимдердің  басты 

мақсаты  қоғамдық  қауіпсіздікке  қарсы  кауіпті  төмендету  үшін  кедергілер  құру 

болып  табылады,  бірақ  та  көбінесе  бұл  жағдайларда  қолданылатын  шаралар 

мəжбүрлеуші  сипата  болады.  Дəл  осы  əкімшілік-құқықтық  режимдерді  енгізу 

қатаң  анықталған  тəсілдер,құралдар  қолдану  арқылы,  жұмыс  істеу  мен  өмір 

тіршілігінің тұрақты жағдайларын қамтамасыз ету мен қорғауға мүмкіндік беретін 

орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.   

   


Барлық  əкімшілік-құқықтық  режимдер  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 

құқықтары  мен  бостандықтарын  шектейді.  Сəйкесінше  олардың  енгізілуі  жəне 

қызмет  етуінің  негіздері  мен  тəртібі  заңнамалық  деңгейдегі  арнайы  нормативтік-

құқықтық  актілермен  реттелінеді.  Арнайы  заңдардың  негізіне  Президент 

жарлықтары  жəне  биліктің  арнайы  құзыретті  атқарушы  органдарының  құқық 

қолдану сипатындағы актілері қабылдануы мүмкін. 

   

Əкімшілік-құқықтық  режимдердің  көптеген  түрлері  бар.  Əкімшілік-



құқықтық  режимдерді  түрлі  белгілер  (критерий)  бойынша  бөлуге  болады. 

Сонымен,  аумақтық  (территориялық)  белгісі  бойынша  жалпы  мемлекеттік  жəне 

жергілікті  режимдерді  ажыратамыз.  Əрекет  ету  уақытына  байланысты 

режимдердің  тұрақты,  уақытша  жəне  жағдайға  байланысты  түрлері  болады. 

Объекті  бойынша  əкімшілік-құқықтық  режимдер  атомдық  энергетика  режимі,  су 



248 

 

қоймасы режимі, уақытша ұстау изоляторының режимі, қылмыстық-атқарушылық 



мекемелер режимі жəне т.б. болып бөлінеді. 

Мемлекеттік құпия режимі 15 наурыз 1999 жылғы «Мемлекеттік құпиялар 

туралы» ҚР Заңымен реттелінеді жəне тұрақты режим болып табылады. Аталмыш 

заңға  сəйкес  мемлекеттік  құпиялар - таратылуын  мемлекет  жалпы  қабылданған 

халықаралық  құқық  нормаларына  қайшы  келмейтін  əскери,  экономикалық, 

ғылыми-техникалық,  сыртқы  экономикалық,  сыртқы  саяси,  барлаушылық,  қарсы 

барлаушылық,  жедел-іздестірушілік  жəне  өзге  де  қызметті  тиімді  жүзеге  асыру 

мақсатымен  шектейтін,  мемлекет  қорғайтын  мемлекеттік  жəне  қызметтік 

құпияларды құрайтын мəліметтер. Заңнамада мемлекеттік құпияға жатқызылатын 

мəліметтер тізімі жəне тиісінше құпиялануы тиіс мəліметтер тізімі белгіленген.  

  Құпиялылықтың  үш  дəрежесі  белгіленеді: «аса  маңызды», «өте  құпия» 

жəне  «құпия».  Мемлекеттік  құпияға  залалдың  ауырлық  дəрежесіне  сəйкес  белгі 

беріледі,  осыған  сəйкес  Қазақстан  Республика  Үкіметі  белгілеген  тəртіпте 

анықталатын  оның  қорғалу  дəрежесі  де  анықталады.  Мемлекеттік  құпия  болып 

табылатын мəліметтерге "аса маңызды", "өте құпия" деген құпиялылық белгілері 

беріледі.  Қызметтік  құпияны  құрайтын  мəліметтерге  "құпия"  деген  құпиялылық 

белгісі  беріледі.  Құпиялылық  дəрежесі  Қазақстан  Республикасының  ұлттық 

қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне 

келтірілген  немесе  келтірілуі  мүмкін  залалдың  ауырлық  дəрежесіне  сəйкес 

анықталуы тиіс. 

Мемлекеттік  шекараны  қорғау  аясындағы  режимдер  басты  мақсаты 

мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету жəне Қазақстанның 

территориялық тұтастығын қорғау, темлекеттік шекарамен шектесетін аумақтарда 

əртүрлі  қызметті  реттеу  болып  табылатын  тұрақты  режим.  Аталған  режим 

«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы  туралы» 2013 жылғы 16 

қаңтардағы  Заңымен  реттеледі  жəне  оның  жүзеге  асу  Қазақстан  Республикасы 

Мемлекеттік  шекарасын  күзету  мен  қорғауды  қамтамасыз  ететін  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Қауіпсіздігін  Комитетінің  Шекара  қызметіне  жүктеді. 

Бұл  заңда  мемлекеттік  шекара  режимі,  өткізу  пункттеріндегі  режим,  шекара 

режимі,  аумақтық  сулар  (теңіздер)  жəне  ішкі  сулар  режимі,  контитенттік  қайраң 

режимі сияқты режимдердің түрлері бекітілген.. 

Аталған  режимдер  негізінде  мемлекеттік  шекарадан  өту  тəртібі, 

шекаралық өзендер жəне су қоймалардың қазақстандық бөлігінде болу жəне жүзу 

тəртібі,  əуе  кемелерінің  республикамыздан  ұшуы  не  республикамызға  қонуы, 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  шекарасында  түрлі  жұмыстарды 

жүргізу,  өнеркəсіптік,  зерттеу,  іздестіру  жұмыстары    жəне  өзге  де    қызмет 

түрлерін  жүргізу  (мемлекеттік  шекара  режимі);  мемлекеттік  шекарадан  өткізу 

пункттерінде  шекаралық  бақылауды  жүзеге  асыру;  шекаралық  аймақ  пен 

шекаралық  белдеуге  кіру,  өнеркəсіптік,  зерттеу,  іздестіру  жұмыстары    жəне  өзге 

де    қызмет  түрлерін  жүргізу  жəне  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 




249 

 

шекарасына  жақын  жерлерде  жаппай  қоғамдық-саяси,  мəдени  жəне  басқа  іс-



шараларды өткізу реттелінеді (шекаралық режим).   

   


Паспорттық-визалық  режим  еліміздің  ішкі  жəне  сыртқа  қауіпсіздігін 

қамтамасыз етудің ерекше маңызды буыны болып табылады. Аталмыш əкімшілік 

рəсім  Қазақстан  Республикасының  халқын  құжаттандыру  жəне  тіркеудің  кейбір 

мəселелері туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 

қарашадағы  № 631 Бұйрығымен  жəне  Қазақстан  Республикасының  халқын 

құжаттандыру  қағидаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2000  жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысымен  реттеледі.  Қазақстанның 

территориясына  шетел  азаматтарының  жəне  азаматтығы  жоқ  тұлғалардың  кіру 

тəртібі  «Қазақстан  Республикасының  азаматтығы  туралы»  заңында  жəне 

«Қазақстан  Республикасының  визаларын  беру  ережелерін  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрінің  м.а. 2009 жылғы 14 

желтоқсандағы жəне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 

22  желтоқсандағы  Бірлескен  бұйрықтарымен  реттеледі.  Бұл  құжаттар  Қазақстан 

территориясында  тұлғалардың  жеке  бастарын  куəландыратын  құжаттарды 

рəсімдеу  жəне  беріу  тəртібін  бекітеді.  Аталған  режимнің  элементтері  болып 

қажеттік құжаттарды талап теуші тұлғалар санаты, өкілетті органдардың түрлері, 

олар қабылдайтын шешімдердің түрлері жəне т.б. 

Рұқсат беруші мен тұлғалардың жеке бастарын куəландыратын құжаттар 

беруден басқа паспорттық-визалық режим Қазақстан аумағына кіру мен онда болу 

жəне Қазақстан аумағынан шыртқа шығу мəселелерін де қамтиды. Бұл режимнің  

негіздері  ҚР  Конституциясы  мен  «Шетелдiктердiң  құқықтық  жағдайы  туралы» 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңында көрсетілген. 

Төтенше режимдер əкімшілік-құқықтық режимдердің ішінде ерекше орын 

алады.  Төтенше  режимдер  ретінде  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  құқық 

субъектілігін шектеуге жол беретін, қалыптасқан нақты жағдайларға байланысты 

тұлғаның,  қоғам  мен  мемлекеттің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  уақытша 

əлеуметтік-объектівтік  жəне  құқықтық  шарасы  ретінде  мемлекеттік  билік 

органдары қызметінің арнайы құқықтық режимін танылады. 

Төтенше  сипаттағы  əкімшілік-құқықтық  режимдердің  төтенше  жағдай 

жəне соғыс жағдайы деп бөлінетін екі түрі бар. Бұл режимдер ерекше жағдайлар 

жағдайды  тұрақтандыру  үшін  мемлекеттің  қатаң  түрде  араласуын  қажет  ететін 

уақыттарда енгізіледі. Бұл екі режим де жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары 

мен  бостандықтарына  қатысты  қажеттіліктен  туындаған  шектеу  сипатындағы 

уақытша шаралар енгізуімен ерекшеленеді.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет