ҚҰҚЫҚ негіздері


  Заңсыз  салып  жатқан  немесе  салынған  құрылысты  мəжбүрлеп



Pdf көрінісі
бет209/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   389
8.  Заңсыз  салып  жатқан  немесе  салынған  құрылысты  мəжбүрлеп 

бұзып тастау.  

Тек  екі  құрамда  ғана  болатын  өз  бетінше,  яғни  құрылысқа  тиісті  рұқсат 

алмай, сондай-ақ құрылыс талаптарын не ғимараттарды, тұрғын  үй-жайларды, 

ғимарат  бөліктерін  қайта  жоспарлау  кезінде  өрескел  бұза  отырып  құрылыс 

жүргізген үшін қолданылады. Соттың қаулысы негізінде қолданылады.   

9.  Əкiмшiлiк  қамауға  алу – құқық  бұзушыны  жеке  бостандығынан 

уақытша  айыруға  жəне  Заңнамада  көрсетілген  мерзімге  қамауға  алуға 

бағытталған  əкімшілік  жазалау  шараларының  ең  қатаң  түрлерінің  бірі.  Осыған 

байланысты əкімшілік қамауға алу ерекше жағдайларда ғана сотпен тұлғаларға 

қарсы  жəне  өзге  де  құқық  бұзушылықтардың  (негізінен  қоғамдық  тəртіпке 

қарсы  құқық  бұзушылықтар  үшін)  жекелеген  түрлері  үшін  белгіленеді.       

Əкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда қырық бес тəулікке дейінгі 

мерзімге  тағайындайды.  Əкiмшiлiк  ұстау  мерзiмi  əкiмшiлiк  қамауға  алу 

мерзiмiне қосылады.   

Аталған  жазалау  шарасын  жүктi  əйелдерге  жəне  он  төрт  жасқа  дейiнгi 

балалары  бар  əйелдерге,  он  сегiз  жасқа  толмаған  адамдарға, I жəне II 

топтардағы  мүгедектерге,  сондай-ақ елу сегiз жастан асқан  əйелдер мен алпыс 

үш  жастан  асқан  еркектерге  қолдануға  болмайды.  Əкімшілік  қамауға  алу 

соттылыққа  жəне  жұмыстан  босатылуға  əкеліп  соқпайды.  Қамауға  алынған 

тұлғалар  осындай  жағдайларға  арналған  ішкі  істер  органдарының  арнайы 

уақытша орналастыру мекемелерінде ұсталады.    





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет