ҚҰҚЫҚ негіздері


Аса (мəжбүрлі) қажеттілік



Pdf көрінісі
бет226/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   389
Аса (мəжбүрлі) қажеттілік 

Осы  кодекспен  қорғалатын  мəселелерге  аса  қажет  болған  жағдайда  зиян 

келтіру,  яғни  белгілі  бір  адамның  немесе  өзге  де  адамдардың  өміріне, 

денсаулығына,  құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне,  қоғамның  немесе 

мемлекеттің  тікелей  қатер  төндіретін  қауіпті  жою  үшін  зиян  келтіру,  егер  бұл 

қауіпті  басқа  амалдармен  жою  мүмкін  болмаса  жəне  бұл  орайда  аса 

қажеттіліктің шегінен шығуға жол берілмген болса, қылмыс болып табылмайды 

(34-баптың 1-бөлімі). 

Төнген қауіптің сипаты мен дəрежесіне жəне қауіптің жойылған жағдайына 

сөзсіз  сəйкес  келмейтін  зиян  келтіру  заңмен  қорғалатын  мүдделерге  оларды 

сақтап қалғанна гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы болып 

табылады.  Мұндай  шектен  шыққан  зияндылық  үшін  тек  қасақаналылық 

əрееттер  ғана  жауапқа  тартылады.  Осы  заңнан  туатын  қорытынды:  аса 

қажеттілік  деп,  біріншіден,  заң  қорғайтын  мүдделерді  төнген  қауіпті  жоюға 

бағытталған  əрекет,  екіншіден,  осы  төнген  қауіпті  басқа  амалдармен  жоюға 

болмайтындай  болса,  үшіншіден,  заңмен  қорғалатын  мүдделерді  сақтап  қалу 

үшін  келтірілген  зиян  болғызылмаған  зияннан  кем  болуы,  төртіншіден,  бұл 

істелген  əрекет  аса  қажетіліктің  шегінен  шығып  кетпесе,  онда  істелген 

əрекеттер қылмыс болып табылмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет