ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері



Pdf көрінісі
бет223/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   389
11.5 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері 

Қылмыстық  жауаптылықтың  негізін  дұрыс  анықтау  құқық  қолдану 

органдары  қызметінің  заңдылықты  қатаң  сақтауының  кепілі  болып  табылады. 

Қылмыстық  құқық  бойынша  қылмыстық  жауаптылықтың  негізі  болып 

қылмыстық  заңда  көрсетілген  қылмыс  құрамының  барлық  белгілері    бар  іс-

əрекетті  істеу  болып  табылады (3-бап).Яғни,  бұл  деген  қылмыстық  жауапқа 

жəне  жазаға  тек  қана  қылмыс  істегенде,  яғни  қылмыстық  заңда  көрсетілген 

қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты 

адамға  ғана  тағайындалатынын  көрсетеді.  Демек,  қылмыстық  жауаптылық 

негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң 

қылмыс  құрамы  деген  терминнің  мазмұнын  ашып  көрсетпейді.  Бұл  мəселе 

қылмыстық  құқық  теориясында  ғана  ашып  көрсетіледі.  Адамның  (қылмыс 

субьектісінің)  қылмыстық  заңда  көрсетілген  қоғамға  қауіпті  іс-əрекеттерді 

(қылмыстың  обьективтік  жағы)  кінəлі  түрде  қасақана  немесе  абайсыздықтан 

істеуі  (қылмыс  субьективті  жағы)  қылмыс  құрамының  белгілері  болып 

табылады.  Қылмыстың  обьектісі  болып  табылатын  қылмыстық  заң  қорғайтын 

қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы  Қылмыстық  кодекстің 2-бабында 

көрсетілген.  Сонымен,  Қылмыстық  жауаптылықтың  негізі  болып  қылмыс 

құрамы болатынын білдік.Іс-əрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір 

белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ. 




273 

 

Қылмыстық  заңда  қылмыстың  жалпы  түсінігі  берілген,  сонымен  бірге 



Ерекше  бөлімінде  нақты  қылмыстар  жеке-жеке  көрсетілген.  Қылмыстық  заң 

қылмыс  құрамы  түсінігін  нақты  ашып  көрсетпейді.  Бұл  түсінікті  қылмыстық 

құқық  теориясы  ғана  береді.  Қылмыс  құрамы  деп  қылмыстық  заң  бойынша 

қоғамға  қауіпті  іс-əрекеттерді  белгілі  бір  қылмыстың  қатарына  жатқызуға 

мүмкіндік  беретін  қылмыстың  объективтік  жəне  субъективтік  жақтарынан 

құралған  элементтердің  жəне  олардың  белгілерінің  жиынтығын  айтамыз. 

Қылмыс  құрамының  əрқайсысы  оның  субъективтік  жəне  объективтік 

белгілерімен  сипатталады.  Барлық  жүйелер  секілді  қылмыс  құрамы  да  белгілі 

бір  элементтерден  тұрады.  Осы  белгілердің  қосымша  жүйелерінің  ең 

болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының 

тұтастай жоқ болуына əкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері 

деп  қылмыс  құрамының  жүйелерін  құрайтын  бастапқы  компоненттерді 

айтамыз.  Қылмыс  құрамының  белгілеріне  мынадай  төрт  түрлі  элементтер 

жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. 

Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, 

оның  қандай  зиян  келтіргенін  немесе  келтіруге  нысана  алғанын  айтамыз. 

Қылмыстың  объектісі  заң  қорғайтын  қоғамдық  қатынастар  болып  табылады. 

Қылмыстық  құқықта  олар  шартты  түрде  жалпы,  топтық  жəне  тікелей  объект 

болып  бөлінеді.  Қылмыстың  объектісін  оны  сипаттайтын  қылмыс  құрамының 

белгілерін  дұрыс  анықтаудың  қоғамға  зиянды  іс-əрекеттің  сипаты  мен 

дəрежесін белгілеу үшін жəне оны саралау үшін маңызы ерекше. 

Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы 

қылмыстың объективтік жағын сипаттайды. Объективтік жағының белгісіне, ең 

алдымен,  қоғамға  қауіпті  мінез-құлық  актісінің  сыртқы  көрінісі – адамның 

əрекеті  немесе  əрекетсіздігі.  Қоғамға  қауіпті  əрекет  немесе  əрекетсіздіктің 

нысандары  мен  түрлері  қылмыстық  заң  тұжырымдарында  əртүрлі  жəне  жан-

жақты  (мүлікті  жою  немесе  бүлдіру,  қаза  келтіру,  қауіпті  жағдайда  қалдыру 

жəне  т.б.).  Біршама  қылмыс  құрамының  объективтік  жағы  əрекет  немесе 

əрекетсіздтен  басқа  қылмыстың  зардабы  жəне  іс-əрекеттің  зардап  пен  себепті 

байланысын  көрсетеді.  Көрсетілген  белгілерден  басқа  заңда  кейбір 

қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, 

орын,  жағдай,  қылмыстың  жасалу  тəсілі  де  жатады.  Қылмыстарды  ажыратып 

жіктеуде,  оның  қоғамға  қауіптілігінің  дəрежесін  белгілеуде,  қылмысты 

саралауда  объективтік  жағының  осы  белгілерінің  маңызы  зор.  Қылмыстың 

субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, 

яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-əрекет не психикалық қатынас сипатталады. 

Субъективтік  жақтың  белгілеріне  кінə,  ниет,  мақсат  жатады.  Кінə  екі  түрлі 

нысанда:  қасақаналылық  жəне  абайсыздық  түрінде  көрініс  табады. 

Субъективтік  жағынан  бір  қылмыстар  қасақаналылықпен  (ұрлық),  екінші 

біреулер  абайсыздықпен  (абайсызда  кісіге  қаза  келтіру),  үшіншілері 




274 

 

қасақаналықпен  де,  абайсызда  да  жасалуы  мүмкін.  Кінəнің  нысанының 



көпшілігі  қылмыстық  заңның  өзінде  ашып  көрсетіледі.  Ал  көрсетілмеген 

жағдайда  олар  қылмыстың  құрамының  белгілеріне  талдау  жасау  арқылы 

анықталады. Кейбір қылмыс құрамдарының субъективтік жағының белгілеріне 

қылмыстың  ниеті  мен  мақсаты  да  жатады.  Мысалы,  пайдақорлық  ниетпен  кісі 

өлтіру,  басқа  қылмыстың  ізін  жасыру  мақсатында  кісі  өлтіру.  Қылмыс 

құрамының  субъективтік  жағының  белгілерін  анықтау,  қылмысты  саралауда 

қылмыстың  жəне  қылмыскердің  қауіптілік  дəрежесін  анықтау  үшін  аса 

маңызды  болып  табылады.  Қылмыстық  заң  бойынша  қылмыстың  субъектісі 

болып  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылуда  кез  келген  адам  жатады. 

Қылмыстық  жауаптылыққа  есі  дұрыс.  Қылмыс  жасаған  уақытта 16-ға,  кейбір 

қылмыстар үшін 14, 18-ге толған жеке адамдар жатады. 

Сонымен  кез  келген  қылмыс  құрамының  субъектісінің  жалпы  белгілері 

болып жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Қайсыбір 

қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша 

белгілер  болғанда  ғана  жол  берілуі  мүмкін.  Əдетте  мұндай  қосымша  белгілер 

осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, 

пара алудың субъектісі болып тек мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал 

əскери  қылмыстардың  субъектісі  болып  тек  əскери  қызметкерлердің  болуы 

қылмыстың  субъектісін  белгілейтін  белгілердің  қылмысты  саралау  үшін, 

қылмыстық  жауаптылық  мəселелерін  шешуде  жəне  жаза  мөлшерін  анықтауда 

маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмыстың 

құрамының  қажетті  міндетті  белгілері  жəне  факультативтік  белгілері  болып 

өзгешеленеді.  Мұндай  өзгешелену  қылмыс  құрамының  мазмұнын  ашуға, 

қылмыстық  іс-əрекетті  дұрыс  саралауға  көмектеседі.  Қылмыс  құрамының 

қажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын 

белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының 

мүлдем болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: 

əрекет  немесе  əрекетсіздік,  кінəнің  нысаны,  адамның  есі  дұрыстығы,  оның 

белгілі бір жасқа толуы. 

Қылмыс  құрамының  факультативтік  нышандары  дегеніміз  бұл  заң 

шығарушының  кейбір  қылмыс  құрамын  сипаттау  үшін  қолданатын  белгілері 

болып  табылады.  Факультативтік  белгілерге  жататындар:  уақыт,  қылмыс  істеу 

тəсілі,  ниет,  мақсат,  қылмыс  заты,  арнайы  субъект,  қылмыс  зардабы,  себептік 

байланыс. 

Егер  факультативтік  белгі  сол  немесе  басқа  бір  құрамда  атап  көрсетілсе, 

онда ол өзінің мəні жағынан осы құрамның қажетті міндетті белгісіне айналады. 

Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тəсілі – мүлікті 

ашықтан-ашық алу, осы қылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгі қылмыс 

құрамына  енгізілмесе,  онда  ол  қылмысты  саралауға  əсер  етпейді.  Тек 

қылмыстық  құқықтық  жаза  тағайындалғанда  ғана  ескеріледі.  Мысалы, 




275 

 

қызметкердің  құжаттарды  қолдан  жасауы  қылмысын  саралауда  оның  қандай 



тəсілмен,  қандай  құралмен  жасағаны  есепке  алынбайды.  Бірақ  қолданылған 

тəсіл,  мақсат  жаза  тағайындалғанда  ескеріледі.  Қылмыс  құрамының  жалпы 

түсінігінің  ол  туралы  ілімінің  заңдылықты  сақтауда  жəне  оны  нығайтудағы 

маңызы ерекше. 

Қылмысты  дұрыс  саралау  үшін  нақты  қылмыс  құрамдарының  белгілерін 

тиісінше  дұрыс  түсіну  керек.  Осындай  əдіс  қылмыс  құрамының  жалпы 

белгілерін  білуге  жəрдемдеседі.  Ал  қылмыс  құрамының  жалпы  түсінігі  нақты 

қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет