ҚҰҚЫҚ негіздері


Бұйрықты немесе өкімді орындау



Pdf көрінісі
бет231/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   389
 

Бұйрықты немесе өкімді орындау 

Қылмыстық  кодекстің 37-бабында  «Өзі  үшін  міндетті  бұйрықты  немесе 

өкімді орындау жөнінде іс-əрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын 

мүдделерге  зиян  келтіруі  қылмыс  болып  табылмайды.  Мұндай  зиян  келтіргені 

үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады»,-  

делінген. 

Құқылық  табиғатына  сəйкес  міндетті  бұйрықты  орындау  қылмысты 

əрекетке  жатпайды.  Өйткені  мұндай  əрекет  бастық  пен  бағыныштының 

қызметтік  қатынастарына,  тəртіп  талаптарына  негізделген.  Мұндай  бапты 

Қылмыстық  кодекске  енгізу  басшылардың,  олардың  бұйрықтары  мен 

өкімдерінің беделін арттырады, сонымен бірге мұндай бұйрықтар мен өкімдерді 

орындаушылардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді.  Ендігі  жерде  мұндай 

орындаушылардың  тиісінше  берілген  міндетті  бұйрықты  орындаудан  орын 

алған  зиянды  зардаптар  үшін  жауапқа  тартылудан  қаймығатын  түгі  жоқ. 

Қылмыстық  заң  қорғайтын  мүдделерге  зиян  келтірудің  негізі  болып  міндетті 

бұйрықты немесе өкімді орындау əрекеті болып саналады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет