ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет233/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   389
 

Қылмыс істеуге оқталу 

Қылмыстық  кодекстің 24-бабының 3-, 4-бөлімдері  бойынша  «Тікелей 

қылмыс  жасауға  тура  бағытталған  ниетпен  жасалған  іс-əрекет  (əрекетсіздік), 

егер  бұл  орайда  қылмыс  адамға  байланысты  емес  мəн-жайлар  бойынша 

ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады. 

Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс 

жасауға оқталғаны үшін ғана басталады». 

Қылмыс істеуге оқталудың  бірнеше белгісі бар. 

Бірінші  іс-əрекеттің  қылмыс  істеуге  тікелей  бағытталуы  қылмыс  істеуге 

оқталғанда,  қылмыс  субъектісі  қылмыс  құрамын  орындауға  тікелей  кіріседі 

жəне  қылмыстық  құқықтық  норма  диспозициясының  объективтік  жағында 

көрсетілген  элементтерін  орындайды.  Мысалы,  кісіні  өлтіруде  оған  қарай 

мылтық  атады,  ұрлық  жасағанда  есікті  бұзып  тұрғын  жайға  кіреді,  көлік 

құралын айдап əкетуде көлікті қозғалысқа келтіру əрекетін жасайды жəне басқа 

да  əрекеттер.  Қылмысқа  оқталғандағы  іс-əрекет  қылмыстың  зардабын 

туғызатын  себептің  көрінісін  білдіреді.  Егер  ол  іс-əрекет  үзіліп  қалмаса,  онда 

қылмыс зардабының болуы сөзсіз болар еді. 

Қылмыс  істеуге  оқталудың  екінші  белгісі – субъективтік  белгісі  болып 

табылады.  Қылмыс  істеуге  оқталу  тек  тікелей  қасақаналылықпен  іске 

асырылады.  Бұл  туралы  қылмыстық  заңның  өзінде  қылмыс  істеу  үшіт  тікелей 

бағытталып,  істелген  əрекет  немесе  əрекетсіздік  деп  тура  көрсетіліп  отыр. 

Заңдағы тікелей бағытталған деген сөздің өзі осы тұрғыда қылмыстық тек қана 

тікелей қасақаналылықпен іске асырылатындығын білдіреді. 

Қылмыс  істеуге  оқталғандықтың  үшінші  белгісі – істеуге  бағытталған 

қылмыстың  ақырына  дейін  жеткізілмеуі  болып  табылады.  Яғни  қылмыс 

құрамын орындау сатысында қылмыстық əрекет амалсыздан үзіледі. Бұл жерде 

қылмыс  істеуге  оқталғандықтың  белгісі  қылмыстың  аяқталмай  қалуы  болып 



282 

 

отыр.  Бұл  белгілі  аяқталған  қылмысты  қылмыс  істеуге  оқталғандықтың 



айырудың басты белгісі болып табылады. 

Мұндай  ретте  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше  бөліміндегі  қылмыс 

құрамының  белгілері  толық  жүзеге  асырылмайды  немесе  заңда  көрсетілген 

қылмыстың  зардабы  болмай  қалады.  Сөйтіп  аяқталған  қылмысқа  қарағанда 

объективтік  жағының  белгілерін  түгелдей  орындауға  бағытталған  іс-əрекет 

толық аяқталмай қалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет